Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 68 · қабылданған 22.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178831/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 68 ·22.02.2023
22.02.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 68 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
68
Қабылданған күні
22.02.2023
Көрсетілген редакция
22.02.2023 178831_620681.kaz
Соңғы өзгеріс
22.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23UJ624613
ЭКБ идентификаторы
178831
Редакция идентификаторы
178831_620681
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:20

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Сайрам ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Сайрам аудандық
мәслихаты

4 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

2023 жылғы 22 ақпандағы
№ 68 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

4 4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

5 5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

6 6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент;

7 7) үйде қызмет көрсету ұйымы бөлімшесінің меңгерушісі;

8 8) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

9 9) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

10 10) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

2 2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

3 3) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

4 4) әдістемеші;

5 5) көркемдік жетекші;

6 6) барлық атаудағы әртістері;

7 7) вокал;

8 8) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

9 9) дизайнер;

10 10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

11 11) хореограф;

12 12) бағдарламашы;

13 13) гример-пастижер;

14 14) кітапханашы;

15 15) библиограф;

16 16) барлық мамандық мұғалімдері.

3 3. Спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) әдіскер;

4 4) жаттықтырушы;

5 5) нұсқаушы-спортшы;

6 6) барлық мамандықтағы дәрігер;

7 7) жаттықтырушы-массажшы;

8 8) психолог.

Қолданыстағы