Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил передачи в управление объектов транспортной инфраструктуры города Алматы

Қаулы · № 1/124 · қабылданған 28.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178890/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил передачи в управление объектов транспортной инфраструктуры города Алматы Қолданыста Қаулы ·№ 1/124 ·28.02.2023
28.02.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил передачи в управление объектов транспортной инфраструктуры города Алматы

Қолданыста Қаулы ·№ 1/124 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил передачи в управление объектов транспортной инфраструктуры города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1/124
Қабылданған күні
28.02.2023
Көрсетілген редакция
28.02.2023 178890_620972.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23R0001719
ЭКБ идентификаторы
178890
Редакция идентификаторы
178890_620972
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:17

0 Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4-бабы 9-13) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидалары

Алматы қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 1/124 қаулысына
қосымша
Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидалары

1

1. Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы» заңдарына сәйкес әзірленген және Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру тәртібін айқындайды.

2 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) басқарушы компания – жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалған, көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын және құрылтайшымен шарт жасасқан заңды тұлға (бұдан әрі – басқарушы компания);

2 2) басқарушы компанияның құрылтайшысы – Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – құрылтайшы);

3

3) көліктік инфрақұрылым объектілері – Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі теміржол, трамвай, жеңіл рельс, монорельс және ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, метрополитен желілерін, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын, әуе айлақтарды, әуежайларды, көлік-логистика орталықтарын, байланыс, навигация және көлік құралдарының жүрісін басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбырларды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен (бұдан әрі – объект);

4 4) Көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру жөніндегі комиссия – объектілерді басқаруға беру рәсімдерін жүргізу үшін құрылтайшы құрған комиссия (бұдан әрі – Комиссия);

5 5) теңгерім ұстаушы – оралымды басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы объект бекітілген мемлекеттік заңды тұлға.

3 3. Объектіні басқаруға беру туралы шешімді әкімшілік-аумақтық бірліктің мүддесінде Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

4 4. Объект басқарушы компанияның басқаруына 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

5 5. Басқарушы компания жергілікті атқарушы органның шешімімен жарғылық капиталына жергілікті атқарушы органның 100 пайыз қатысу үлесі бар ведомстволық бағынысты ұйымдардың арасынан айқындалады.

6 6. Объектіні басқару Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару туралы шарт негізінде туындайды.

7 7. Құрылтайшы объектіні басқаруды және оны беруге дайындауды жүзеге асырады, басқарушы компаниямен Алматы қаласының көлік инфрақұрылым объектілерін басқару туралы шартын жасасады және көрсетілген шарт талаптарының орындалуын бақылайды.

8

8. Объектіні басқаруға беру туралы басқарушы компанияның ерікті түрде берілетін өтінішіне мына құжаттар қоса беріледі: мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, салыстыру үшін түпнұсқасын көрсете отырып, құрылтай құжаттардың көшірмелері немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.

9 9. Объектіні басқаруға берген кезде Комиссия объектіні басқаруға беру туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей құрылтайшымен шарт жасалады.

10 10. Объектіні басқармаға беруді ұйымдастыру үшін құрылтайшы Комиссия құрады.

11 11. Комиссияның құрамы Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының шешімімен бекітіледі.

14 14. Объектіні басқаруға беру рәсімдерін бастағанға дейін объект туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар топтамасы жасалады.

15 15. Объектіні басқаруға беруге дайындауды құрылтайшы жүзеге асырады.

16 16. Теңгерім ұстаушы Комиссияға заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, акцияларды (үлестерді) немесе беру объектісі болып табылатын мүлік кешенін, соңғы 3 (үш) жылдағы қаржы-шаруашылық қызмет туралы толық ақпаратты және объектіні басқаруға беру талаптарын ұсынады.

Басқа объектілер бойынша теңгерім ұстаушы Комиссияға объектінің сипаттамасын, оның теңгерімдік құны туралы мәліметтерді және объектіні басқаруға беру шарттарын ұсынады.

17 17. Объектіні басқаруға беру объекті болып табылатын, теңгерім ұстаушының лауазымды тұлғалары құрылтайшының сұрауы бойынша, олар айқындаған мерзімдерде объектіні басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді ұсынады.

18 18. Басқарушы компания объектіні өтеусіз пайдалану шарты (бұдан әрі – Шарт) негізінде объектіні басқаруды жүзеге асырады.

19 19. Комиссия объектіні басқаруға беру туралы шешім шығарғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жергілікті бюджеттен қаржыланатын коммуналдық мүлікті иеленуге, пайдалануға және басқаруға уәкілетті атқарушы орган басқарушы компаниямен Шарт жасасады.

20 20. Объектіні басқару талаптары Шартпен айқындалады.

21 21. Шартта:

1 1) Шартың мәні және әрекет ету мерзімі;

2 2) басқаруға берілетін объектінің құрамы;

3 3) басқарушы компанияның есептілігінің мерзімдері мен нысаны қарастырылады.

22 22. Шарт жасасу және оны бұзу, сондай-ақ Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес жүргізіледі.

23 23. Басқарушы компания Шартта көрсетілген мерзімде және нысанда өзінің қызметі туралы есепті Алматы қаласының жолаушылар көлігі саласында басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына ұсынады.

Қолданыстағы