Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил управления и эксплуатации транспортной инфраструктуры города Алматы

Қаулы · № 1/125 · қабылданған 28.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178891/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил управления и эксплуатации транспортной инфраструктуры города Алматы Қолданыста Қаулы ·№ 1/125 ·28.02.2023
28.02.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил управления и эксплуатации транспортной инфраструктуры города Алматы

Қолданыста Қаулы ·№ 1/125 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил управления и эксплуатации транспортной инфраструктуры города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын басқару және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1/125
Қабылданған күні
28.02.2023
Көрсетілген редакция
28.02.2023 178891_620970.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23R0001720
ЭКБ идентификаторы
178891
Редакция идентификаторы
178891_620970
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:17

0 Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын басқару және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4-бабы 9-17) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын басқару және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын басқару және пайдалану қағидалары

Алматы қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 1/125 қаулысына
қосымша
Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын басқару және пайдалану қағидалары

1

1. Осы Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншіктегі Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару және пайдалану тәртібін айқындайды.

2 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымының басқарушы компаниясының құрылтайшысы – Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – құрылтайшы);

2 2) басқару органы – акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын және/немесе коммуналдық кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың (аясының) уәкілетті органы;

3 3) басқарушы компания – жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалған, объектілерді басқару функцияларын жүзеге асыратын және құрылтайшымен шарт жасасқан заңды тұлға;

4

4) көліктік инфрақұрылымның объектілері – Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі теміржол, трамвай, жеңілрельс, монорельс және ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, метрополитен желілерін, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды, әуеайлақтарды, әуежайларды, көлік-логистика орталықтарын, байланыс, навигация және көлік құралдарының жүрісін басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбыржолдарды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен (бұдан әрі – объект).

3 3. Объектіні басқару және пайдалану құқығы Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде туындайды.

4 4. Объект бес жылдан аспайтын мерзімге басқару функциясын жүзеге асыратын компанияның басқаруына беріледі.

5 5. Объектіні басқару шарт (бұдан әрі – Шарт) бойынша мәміле негізінде туындайды (құрылады).

6 6. Объектіні басқаруға қабылдағанға дейін басқарушы компания:

1 1) техникалық паспортты және объект құрамын (құрылысты және технологиялық жабдықты, теңгерімдік құнын), технологиялық операциялардың тәртібі мен құрамын;

2 2) объект элементтерінің функционалдық ерекшеліктерін (құрылыстың, жабдықтың мақсатын, технологиялық және техникалық сипаттамаларын, жұмыс және пайдалану тәртібін);

3 3) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің инженерлік-техникалық жүйелерінің құрамын және техникалық сипаттамаларын (сигнал беру құралдары, рұқсат беруді бақылау, тексеріп қарау, бейнебақылау, аудио және бейнежазбалар, байланыс, ақпаратты жариялау, өңдеу, қабылдау және беру);

4 4) объект орналасқан ауданның географиялық, топологиялық, климаттық сипаттамаларын;

5 5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тиісті аумақтық бөлімшелерімен, объект қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқа мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау регламенттерін зерделейді.

7 7. Зерттеу нәтижелері бойынша басқарушы компания:

1 1) жобалау, техникалық, технологиялық құжаттаманы және ақпараттық сипаттағы құжаттарды зерделеудің жұмыс нәтижелерін;

2 2) зерделенген құжаттаманың және объектіні және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін шолып зерттеу, жұмысқа қабілеттілігін және оның нақты жай-күйін тексеру нәтижелерін;

3 3) нақты объектіге қатысты заңсыз араласу актісінің ықтимал қауіп-қатерін талдау кезінде экономикалық, әлеуметтік, техногендік сипаттағы ықтимал салдардың (келтірілген нұқсанның) мүмкіндігін бағалауды айқындауды;

4 4) объектінің осал аймақтарының және сыни элементтерінің сипаттамасын, объект қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесінің тиімділігін бағалауды;

5 5) ұсынылған құжаттаманың және объектіні зерттеудің нақты нәтижелерінің басқарушы нормативтік құжаттардың талаптарына және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкестігін айқындайтын қорытындылар мен нәтижелердің талдауын;

6 6) объектіні басқаруға беру-қабылдау актісін ұсынады.

8 8. Объектіні басқаруға қабылдау кезінде басқарушы компания:

1 1) қолданыстағы нормативтік құжаттардың (мемлекеттік нормалар мен стандарттардың) талаптарына сәйкес объектіні пайдалануды;

2 2) объектінің тұрақты функционалдық жарамдылығын, тұтас алғанда құрылыстың, сондай-ақ оның жекелеген элементтері қасиеттерінің сақталуын;

3 3) өндіруші зауыттардың нұсқаулықтарына және нормативтік құжаттарға сәйкес инженерлік-техникалық жабдықты күтіп ұстауды, пайдалануды, ағымдағы және жоспарлы жөндеуді қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы