Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2-р
- Қабылданған күні
- 09.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2023 178896_621069.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23NKE0002B
- ЭКБ идентификаторы
- 178896
- Редакция идентификаторы
- 178896_621069
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:25
0 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 35-бабына сәйкес Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мақсатында Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы көлемі 0,474 гектар, 1 (бір) жыл мерзіміне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Қамысты ауданы әкімдігінің Адаевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) Осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық акпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республиқалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауды;