Құжат мәтініне өту

Об утверждении нормативов возмещения потерь растительного мира

Бұйрық · № 60 · қабылданған 23.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178930/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении нормативов возмещения потерь растительного мира Қолданыста Бұйрық ·№ 60 ·23.02.2023
23.02.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении нормативов возмещения потерь растительного мира

Қолданыста Бұйрық ·№ 60 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении нормативов возмещения потерь растительного мира
Атауы (қаз.)
Өсімдіктер дүниесінің шығындарын өтеу нормативтерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
60
Қабылданған күні
23.02.2023
Көрсетілген редакция
23.02.2023 178930_621224.kaz
Соңғы өзгеріс
23.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032000
ЭКБ идентификаторы
178930
Редакция идентификаторы
178930_621224
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:19

0 Өсімдіктер дүниесінің шығындарын

өтеу нормативтерін бекіту туралы
«Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктер дүниесінің шығындарын өтеу нормативтері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2023 жылғы 7 наурыздан бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Өсімдіктер дүниесінің шығындарын өтеу нормативтері

Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 23 ақпандағы
№ 60 бұйрығымен
бекітілген
Өсімдіктер дүниесінің шығындарын
өтеу нормативтері
№ р/с
Шығындарды өтеу түрлері
Өлшем бірлігі
Шығындарды өтеу мөлшері
1
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған, сондай-ақ жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарған осындай объектілерге арналған жобалау құжаттамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды, құбырларды және өзге де объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін басқа санаттарға ауыстырылатын жердің барлық санаттарындағы жабайы өсімдіктер жойылған (қайтарымсыз жоғалған) жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін.
Өсімдіктер дүниесін қорғау, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін қорғау, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларға сәйкес
Шығындарды өтеу мөлшерін айқындау кезінде оған мыналар:
1) базалық ставкалардың екі еселенген мөлшерінің сомасы;
2) учаскедегі өсімдіктердің нарықтық құны;
3) инфляцияны ескере отырып, өсімдіктер дүниесін қорғауға, қорғауға, қалпына келтіруге және пайдалануға байланысты шығындардың құны;
4) меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған кезде жер учаскесін алып қоюға байланысты өсімдік әлемінің меншік иесіне немесе пайдаланушысына келтірілген барлық залалдар, оның ішінде үшінші тұлғалар алдындағы өз міндеттемелерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты олар шеккен залалдар енгізіледі.
Ескертпе:
Өсімдік әлемінің шығындарын осы өсімдік әлемінің шығындарын өтеу нормативтеріне сәйкес мүдделері үшін жабайы өсімдіктер жойылатын жеке немесе заңды тұлғалар өтейді.
Өсімдік әлемінің шығындары жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған сәттен бастап алты ай мерзімде өтелуге жатады.

Қолданыстағы