Об утверждении Положения о специальной комиссии
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о специальной комиссии
- Атауы (қаз.)
- Арнайы комиссия туралы ереженi бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 10.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2023 178946_679804.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23F000049A
- ЭКБ идентификаторы
- 178946
- Редакция идентификаторы
- 178946_679804
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:15
0 Арнайы комиссия туралы ереженi бекiту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына және «Арнайы комиссия туралы үлгілік ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2013 жылғы 22 шiлдедегi № 325-Ө-М (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8615 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арнайы комиссия туралы ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Әкімдіктің осы қаулысы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Арнайы комиссия туралы ереже
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы «10» наурыздағы
№ 49 қаулысына
қосымша
Арнайы комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы арнайы комиссия туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларына (бұдан әрi – Үлгiлiк қағидалар) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 8615 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2013 жылғы 22 шiлдедегi № 325-Ө-М бұйрығымен бекітілген Арнайы комиссия туралы үлгілік ережеге (бұдан әрі – Үлгілік ереже) сәйкес әзiрлендi және өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау жөнiндегi арнайы комиссияның мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындайды.
2. Осы ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) уәкiлеттi орган – әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;
2) арнайы комиссия – (бұдан әрi – Комиссия) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасылардың) өтiнiшiн қарау бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия.
3. Комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әдiлдiк қағидаттарында ұйымдастырады.
4. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
5. Комиссияның қызметiн бақылауды Абай облысы әкiмiнiң әлеуметтiк қорғау мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасары жүзеге асырады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
6. Комиссияның негізгі міндеті Үлгілік қағидалардың 9-тармағы негізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.
7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, Үлгілік ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
8. Комиссия өз қызметiн өтеусiз негiзде жүзеге асырады.
9. Комиссияның құрамына жергiлiктi атқарушы органдардың мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiнiң, оның iшiнде ұйымдардың және бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау уәкiлеттi органдарының өкiлдерi, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметкерлерi кiредi. Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерiнен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жетi адамнан кем болмауға тиiс.