Құжат мәтініне өту

Об утверждении базовых ставок для исчисления размеров вреда, причиненного нарушением законодательства Республики Казахстан в области охраны, защиты, восстановления и использования растительного мира

Бұйрық · № 61 · қабылданған 23.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178973/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении базовых ставок для исчисления размеров вреда, причиненного нарушением законодательства Республики Казахстан в области охраны, защиты, восстановления и использования растительного мира Қолданыста Бұйрық ·№ 61 ·23.02.2023
17.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении базовых ставок для исчисления размеров вреда, причиненного нарушением законодательства Республики Казахстан в области охраны, защиты, восстановления и использования растительного мира

Қолданыста Бұйрық ·№ 61 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении базовых ставок для исчисления размеров вреда, причиненного нарушением законодательства Республики Казахстан в области охраны, защиты, восстановления и использования растительного мира
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелерді бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
61
Қабылданған күні
23.02.2023
Көрсетілген редакция
17.06.2025 178973_766746.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031997
ЭКБ идентификаторы
178973
Редакция идентификаторы
178973_766746
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:20

0 Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелерді бекіту туралы

«Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2023 жылғы 7 наурыздан бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

1 Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянның мөлшерлерiн есептеуге арналған базалық мөлшерлемелері

Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2023 жылғы 23 ақпандағы
№ 61 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянның мөлшерлерiн есептеуге арналған базалық мөлшерлемелері

1 1. Жабайы өсімдіктерді заңсыз алып қойғаны, дайындағаны (жинағаны), бүлдіргені немесе өлтіргені үшін


р/с
Зиян түрлері
Өлшем
бірлігі
Айлық есептік көрсеткіштермен алғанда залалды өтеу мөлшері
1
2
3
4
1
Жас шыбықтар мен өскіндерді жою немесе зақымдау:
1) қылқан жапырақты тұқымдастар
2) жапырақты тұқымдастар
3) жаңа жыл алдындағы кезеңде (қараша-желтоқсан) қылқан жапырақты тұқымдастар
1 дана үшін
1 дана үшін
1 дана үшін
2
1
15
2
Биіктігі 1 м дейінгі ағаштар мен бұталарды өз бетімен қазып алу*
1 дана үшін
10
3
Байламының диаметрі 10 см-ге дейінгі ағаштар мен бұталар шыбықтарын өз бетімен дайындау
1 байлам үшін
0,1
4
Рұқсат беру құжаттары немесе хабарлама жіберу бойынша ғана тыйым салынған немесе рұқсат етілетін барлық санаттағы жерлерде дәрі-дәрмектік өсімдіктерді және техникалық шикізатты өз бетімен жинау
1 килограмм үшін
0,3
5
Жердің құнарлы үстіңгі қабатын алу:
1) 25 см-ге дейінгі тереңдікте
2) 25 см-ден астам тереңдікте
1 шаршы метр үшін
3
5
Ескертпе:
* - осыдан кейінгі әрбір метр үшін залалды өтеу мөлшеріне 1 айлық есептік көрсеткіш қосылады.

2 2. Жеке және заңды тұлғалардың жердің барлық санаттарында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз өндіргені, дайындағаны, зақымдағаны немесе жойғаны үшін

Р/с №
Өсімдіктер тобы мен зақымның түрі
Айлық есептік көрсеткіштермен алғанда залалды өтеу мөлшері
1
2
3
1
Ағаштың, бұтаның, лиананың әрбір данасы үшін:
1) өсуін тоқтату дәрежесіне жеткізбей зақымданған кезде
2) жойылған немесе өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымданған кезде
500
1000
2
Мөлшеріне қарамастан, арнайы рұқсатсыз өндірілген, зақымданған немесе жойылған әрбір шөп тұқымдас өсімдік немесе саңырауқұлақтың жемісті бөлігі үшін
0,5
3
Зақымданған немесе жойылған мүк пен қынаның әрбір шаршы метрі үшін
2,3
Ескертпе:
Өсімдіктер дүниесіне келтірілген зиянды өтеу жабайы өсетін өсімдіктерді заңсыз алып қойғаны, дайындағаны (жинағаны), бүлдіргені немесе олардың құрып кеткені үшін қылмыстық, әкімшілік немесе азаматтық-құқықтық жауаптылық тәртібімен жүзеге асырылады.
Өсімдіктер дүниесіне зиянды өтеу мөлшерін осы базалық мөлшерлемелерге сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері айқындайды.

0 3. Өсімдіктер дүниесінің жеке объектілерін заңсыз алып қойғаны, дайындағаны (жинағаны), бүлдіргені немесе олардың қурап қалғаны үшін

Р/с №
Ағаштар мен бұталар тұқымы
Айлық есептік көрсеткіштермен алғанда бір ағаш үшін залалды өтеу мөлшері
Ағаштар мен бұталардың жасы, жыл
10-ға дейін
11-ден 20-ға дейін
21-ден 30-ға дейін
31-ден және одан жоғары
1
Қарағай
15
25
35
45
2
Шыршаның барлық түрі
15
25
35
45
3
Балқарағай
15
25
35
45
4
Самырсын
17
27
37
47
5
Ағаш тектес арша
14
24
34
44
6
Үйеңкі, шегіршін, жөке
10
20
30
40
7
Қайың
12
22
32
42
8
Көктерек, ағаш тектес тал, терек
10
20
30
40
9
Грек жаңғағы, шекілдеуік
50
60
70
80
жаңғақ
10
Өрік, ақ қараған, алша,
10
20
30
40
долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, орман алма
ағашы
11
Арша, жатаған қара самырсын
12
22
32
42
12
Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, басқа да ағаш түрлері және бұталар
9
19
29
39
Ескертпе:

1

1) жергілікті атқарушы органның жасыл екпелерді ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі 15-і күнінен кешіктірмей өзі тіркелген жердегі салық органдарына өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған осы базалық мөлшерлемелерде көзделген залал келтіргені үшін бюджетке өндіріп алынған сомалар бойынша мәліметтер жібереді;

2 2) келтірілген залал мөлшерін есептеу үшін осы базалық мөлшерлемелерде көзделген залал келтіргені үшін жеке және заңды тұлғаларға талап-арыздарды жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі ұсынады.

Қолданыстағы