О некоторых вопросах Министерства национальной экономики Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства национальной экономики Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 196
- Қабылданған күні
- 13.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2023 178983_622418.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000196
- ЭКБ идентификаторы
- 178983
- Редакция идентификаторы
- 178983_622418
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:14
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтың 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«34) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш саясатын қалыптастыру, мемлекеттік борыш пен квазимемлекеттік сектор борышын болжау және талдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;»;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мемлекеттік мекемелері – аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.».