Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня базовых пространственных данных

Бұйрық · № 85/НҚ · қабылданған 10.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-179017/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении перечня базовых пространственных данных Қолданыста Бұйрық ·№ 85/НҚ ·10.03.2023
10.03.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня базовых пространственных данных

Қолданыста Бұйрық ·№ 85/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня базовых пространственных данных
Атауы (қаз.)
Базалық кеңістіктік деректердің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
85/НҚ
Қабылданған күні
10.03.2023
Көрсетілген редакция
10.03.2023 179017_677414.kaz
Соңғы өзгеріс
10.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032062
ЭКБ идентификаторы
179017
Редакция идентификаторы
179017_677414
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:14

0 Базалық кеңістіктік деректердің тізбесін бекіту туралы

«Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» 2022 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Базалық кеңістіктік деректердің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі

0 Базалық кеңістіктік деректердің тізбесі

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а.
2023 жылғы 10 наурыздағы
№ 85/НҚ Бұйрықпен
бекітілген
Базалық кеңістіктік деректердің тізбесі

1 1. Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесі, мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілер, математикалық негіз жиынтығы;

2 2. жер бедері;

3 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы және әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекаралары;

4 4. жер учаскелері;

5 5. ғимараттар мен құрылыстар;

6 6. көлік инфрақұрылымы объектілері;

7 7. гидрография және гидротехникалық құрылыстар;

8 8. инженерлік коммуникациялар;

9 9. өсімдіктер;

10 10. топырақ;

11 11. географиялық объектілердің атаулары;

12 12. Жерді қашықтықтан зондтау ортофотопландары;

13 13. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.

Қолданыстағы