Об утверждении перечня произведений искусства, импорт которых освобождается от налога на добавленную стоимость при их ввозе негосударственными музеями
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня произведений искусства, импорт которых освобождается от налога на добавленную стоимость при их ввозе негосударственными музеями
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік емес музейлер әкелген кезде импорты қосылған құн салығынан босатылатын өнер туындыларының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 76
- Қабылданған күні
- 14.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 14.03.2023 179020_621486.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032063
- ЭКБ идентификаторы
- 179020
- Редакция идентификаторы
- 179020_621486
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:13
0 Мемлекеттік емес музейлер әкелген кезде импорты қосылған құн салығынан босатылатын өнер туындыларының тізбесін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 399-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мемлекеттік емес музейлер әкелген кезде импорты қосылған құн салығынан босатылатын өнер туындыларының тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
1 Мемлекеттік емес музейлер әкелген кезде импорты қосылған құн салығынан босатылатын өнер туындыларының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 14 наурыздағы
№ 76 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік емес музейлер әкелген кезде импорты қосылған құн салығынан босатылатын өнер туындыларының тізбесі
№
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес өнер туындыларының кодының түсіндірмесі
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес он таңбалы код
1.
100 жылдан асқан картиналар, суреттер мен пастельдер
9701210000
2.
100 жылдан асқан мозаикалар
9701220000
3.
Қолмен боялған немесе безендірілген басқа да дайын бұйымдар, коллаждар және 100 жылдан асқан ұқсас сәндік бейнелер
9701290000
4.
Картиналар, суреттер және пастельдер, басқалар
9701910000
5.
Мозаикалар, басқалар
9701920000
6.
Қолмен боялған немесе безендірілген басқа да дайын бұйымдар, коллаждар және ұқсас сәндік бейнелер, басқалар
9701990000
7.
100 жылдан асқан гравюралардың, басылымдардың және литографтардың түпнұсқалары
9702100000
8.
Гравюралардың, басылымдардың және литографтардың түпнұсқалары, басқалар
9702900000
9.
100 жылдан асқан кез-келген материалдан жасалған мүсіндер мен мүсіншелердің түпнұсқалары
9703100000
10.
кез-келген материалдан жасалған мүсіндер мен мүсіншелердің түпнұсқалары, басқалар
9703900000
11.
археология, этнография немесе тарих бойынша коллекциялар мен коллекциялық жиынтықтар
9705100000