Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания медицинской помощи в организациях среднего образования

Бұйрық · № 37 · қабылданған 14.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-179053/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания медицинской помощи в организациях среднего образования Қолданыста Бұйрық ·№ 37 ·14.03.2023
14.03.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания медицинской помощи в организациях среднего образования

Қолданыста Бұйрық ·№ 37 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания медицинской помощи в организациях среднего образования
Атауы (қаз.)
Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
37
Қабылданған күні
14.03.2023
Көрсетілген редакция
14.03.2023 179053_622204.kaz
Соңғы өзгеріс
14.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032069
ЭКБ идентификаторы
179053
Редакция идентификаторы
179053_622204
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:13

0 Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандарты бекітілсін.

2

2. «Білім беру ұйымдарының білім алушылары және тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 141 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15131 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

0 Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2023 жылғы 14 наурыздағы
№ 37 Бұйрыққа
қосымша
Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсетудің талаптары мен тәртібін белгілейді

2 2. Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету амбулаториялық жағдайларда жүзеге асырылады және Кодекстің 91-бабының 3 – тармағына сәйкес меншік нысанына қарамастан медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілері ұсынады.

3 3. Орта білім беру ұйымы білім алушыларға дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетуге арналған жеке кабинет (бұдан әрі – медициналық пункт) бөледі және оны жинау мен техникалық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді.

4 4. Медициналық пункт білім алушылардың саны 50 оқушыға дейінгі шағын жинақты мектептерден басқа, ұйымға бір есебінен орта білім беру ұйымдарында ашылады.

5 5. Білім алушылар саны 50 оқушыға дейінгі шағын жинақталған мектептерде білім алушыларға медициналық көмекті ол орналасқан аумаққа қызмет көрсететін медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйым ұсынады.

6 6. Медициналық пункттің жұмыс кестесі орта білім беру ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес белгіленеді.

7 7. Білім алушыларға медициналық көмек көрсету үшін орта білім беру ұйымдарының тізбесін аумақтық қағидатты ескере отырып, әрбір МСАК ұйымына денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жыл сайын қалыптастырады.

2 2-тарау. Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары

8 8. Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:

1

1) «Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21820 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығы) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу;

2 2) профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;

3 3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты мінез-құлық тәуекелдерінің профилактикасы;

4

4) «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес вакцинациялауды жүргізу;

5 5) аурулардың профилактикасы, білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру, алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту семинарларын, тренингтер мен дәрістерді ұйымдастыру және өткізу;

6 6) білім беру және түсіндіру іс-шараларын өткізе отырып, білім алушылардың заңды өкілдері мен педагогтарды білім алушылардың денсаулығын сақтауға тарту;

7 7) жедел медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлері келгенге дейін кезек күттірмейтін жағдайларда алғашқы көмек көрсету болып табылады.

3 3-тарау. Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету тәртібі

9

9. Медициналық пунктте білім алушыларға медициналық көмекті «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) кеңейтілген практика мейіргері, жалпы практика мейіргері, учаскелік мейіргер, мамандандырылған мейіргер, білім беру ұйымдарындағы медициналық пункт мейіргері, «Мектеп медицинасындағы мейіргер ісі» мамандығы бойынша мейіргер (бұдан әрі –мейіргер) көрсетеді.

10 10. МСАК ұйымы № ҚР ДСМ – 305/2020 бұйрығына сәйкес «Педиатрия», «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету жөніндегі үйлестірушіні (бұдан әрі-білім алушыларға медициналық көмек көрсетуді үйлестіруші дәрігер) айқындайды.

11 11. Білім алушыларды жоспарлы диспансерлеуді, емдеуді және (немесе) ауруы бойынша медициналық оңалтуды олар бекітілген МСАК ұйымының жалпы практика дәрігерлері, учаскелік педиатрлар, бейінді мамандар, фельдшерлер мен мейіргерлер жүзеге асырады.

12 12. Білім алушыларға медициналық көмек көрсетуді үйлестіруші дәрігер мынандай функцияларды жүзеге асырады:

1 1) білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша іс-шараларды жоспарлайды;

2 2) профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізу кестесін жасайды және оның № ҚР ДСМ – 264/2020 бұйрығына сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді;

3 3) білім алушыларды профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткізуге қатысады;

4 4) профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша уақтылы диспансерлеуді бақылауды жүзеге асырады;

5

5) профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығының 15-тармағында айқындалған денсаулық топтарына сәйкес 1 және 2 денсаулық тобындағы білім алушыларды негізгі дене шынықтыру тобына, 3 және 4 денсаулық тобындағы білім алушыларды арнайы медициналық дене шынықтыру тобына айқындайды;

6 6) арнайы медициналық дене шынықтыру тобына айқындалған білім алушылардың тізімін орта білім беру ұйымына ұсынады.

13 13. Білім алушыларды профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткізуді, білім алушылармен және олардың заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын қоспағанда, орта білім беру ұйымының медициналық пунктінде дәрігердің тұрақты болуы талап етілмейді.

14 14. Мейіргер мынандай функцияларды жүзеге асырады:

1 1) профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізу үшін білім алушылардың нысаналы топтарының тізімін жасайды;

2

2) жоспарлы, маусымдық немесе эпидемиялық көрсетілімдер бойынша Кодекстің 137-бабының 2-тармағына сәйкес білім алушылардың ата-аналардың (заңды өкілдерінің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін № 612 ҚР ҮҚ сәйкес кейіннен вакцинацияланғандарды бақылай отырып, білім алушылардың контингентін вакцинациялауды жүргізуді қамтамасыз етеді;

3

3) білім алушыларға, педагогикалық және техникалық персоналға кенеттен жіті аурулар және жай-күйлер, пациенттің өміріне айқын қауіп төндірмейтін созылмалы аурулардың асқынуы, жарақаттар (дәрігерге дейінгі шұғыл көмек, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жіберу, жедел медициналық көмек бригадасын шақыру) кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетеді;

4 4) МСАК ұйымының салауатты өмір салты маманымен бірлесіп салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

5

5) орта білім беру ұйымдарының психологтары және әлеуметтік педагогтерімен бірлесіп, психикалық денсаулықты сақтау, темекі бұйымдарын тұтынудан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудан, сондай-ақ құмар ойындарға патологиялық елігуден туындаған суицидтік мінез-құлық пен тәуелділіктің профилактикасы бойынша жұмыстарға қатысады;

6

6) «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) білім алушыларды бөліп отырғызуды бақылауды қамтамасыз етеді.

15

15. Шұғыл көрсетілімдер болған жағдайда немесе білім алушылардың өміріне қауіп төнген кезде кезек күттірмейтін медициналық көмек ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімінсіз, Кодекстің 137-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес көрсетілген медициналық көмек туралы ата-аналарды (заңды өкілдерді) кейіннен міндетті түрде хабардар ете отырып көрсетіледі.

4 4-тарау. Білім алушыларға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ең төмен штат нормативтері

16 16. Білім алушыларға медициналық көмек көрсетуді үйлестіретін дәрігерлердің ең төмен штат нормативтері МСАК ұйымы қызмет көрсететін 2000 білім алушыларға шаққандағы 1 штат бірлігі есебінен қалыптастырылады.

17

17. Мейіргерлердің ең төмен штат нормативтері 700 білім алушыларға 1 штат бірлігі есебінен, бірақ екі және үш ауысымды оқыту режимі бар орта білім беру ұйымдарында кемінде 2,0 штат бірлігі және білім алушылар саны 2800-ден асатын орта білім беру ұйымдарында 4,0 штат бірлігінен аспайтын есеппен қалыптастырылады.

18 18. МСАК ұйымының басшысы медициналық пункттің негізгі қызметкері уақытша болмағанда басқа медицина қызметкерімен алмастыруды қамтамасыз етеді.

5 5 тарау. Орта білім беру ұйымының медициналық пунктін ең аз жарақтандыру

19 19. Білім алушыларға медициналық көмек көрсету үшін орта білім беру ұйымдарының медициналық пункттерін медициналық бұйымдармен ең аз жарақтандыру осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес МСАК ұйымы жүзеге асырады.

20 20. МСАК ұйымы орта білім беру ұйымдарының медициналық пункттерін білім алушыларға медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттармен толықтыруды осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етеді.

21 21. Орта білім беру ұйымының медициналық пунктін жиһазбен, техникамен және кеңсе керек-жарақтарымен жарақтандыруды осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес МСАК ұйымы жүзеге асырады.

1 Білім алушыларға медициналық көмек көрсету үшін орта білім беру ұйымдарының медициналық пункттерін медициналық бұйымдармен ұсынылатын ең аз жарақтандыру

Орта білім беру
ұйымдарында медициналық
көмек көрсету стандартына
1-қосымша
Білім алушыларға медициналық көмек көрсету үшін орта білім беру ұйымдарының медициналық пункттерін медициналық бұйымдармен ұсынылатын ең аз жарақтандыру

Ата­уы
Өл­шем бір­лік­те­рі
Са­ны
1
5 х 10 сан­ти­метр­лік бинт­тер, за­рар­сыздан­ды­рыл­ма­ған
да­на
10
2
7 х 14 сан­ти­метр­лік бинт­тер, за­рар­сыздан­ды­рыл­ма­ған
да­на
10
3
Бак­те­ри­цид­ті шам
да­на
1
4
Ре­зең­ке жы­лыт­қыш
да­на
1
5
Вак­ци­на қал­дық­та­рын жо­ю­ға ар­нал­ған ыдыс
да­на
2
6
Ме­ди­ци­на­лық жгут
да­на
4
7
Пе­ри­фе­ри­я­лық ве­на­лық ка­те­тер
да­на
4
8
Бүй­рек тә­р­із­ді на­уа
да­на
5
9
Бір рет қол­да­ны­ла­тын мас­ка­лар
қап­та­ма
1
11
Инъ­ек­ци­я­ға ар­нал­ған бір рет­тік сулық­тар, спирт­тік
қап­та­ма
1
12
За­рар­сыздан­ды­рыл­ма­ған қол­ғап­тар
қап­та­ма
1
13
Нит­рил­ді, за­рар­сыздан­ды­ры­л­ған қол­ғап­тар
да­на
6
14
№10 жиын­тық­та­ғы бак­те­ри­цид­ті пла­стыр
да­на
1
15
3 х 500 сан­ти­метр­лік пла­стыр
да­на
1
16
Ка­те­тер­ді бе­кі­те­тін пла­стыр
да­на
1
17
Бір рет қол­да­ны­ла­тын жай­ма­лар
да­на
10
18
Мұз­ға ар­нал­ған шы­ны са­уыт
да­на
1
19
То­қы­ма емес ма­те­ри­ал­дан жа­сал­ған сте­риль­ді 0,8 х 0,7 сан­ти­метр­лік сулық­тар
қап­та­ма
1
20
Кө­ле­мі 40 х 70 сан­ти­метр­лік за­рар­сыздан­ды­ры­л­ған бір рет пай­да­ла­ны­ла­тын то­қы­ма емес ма­та­дан жа­сал­ған сулық­тар
да­на
1
21
Сан­ти­метр­лік лен­та
да­на
1
22
Ин­фу­зи­я­ға ар­нал­ған жүйе
да­на
2
23
Кө­ру өт­кір­лі­гін анық­та­у­ға ар­нал­ған кесте­лер
да­на
1
24
Вак­ци­на­лар­ды та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған тер­мо­кон­тей­нер
да­на
1
25
Ме­ди­ци­на­лық тер­мо­метр­лер
да­на
5
26
То­но­метр
да­на
1
27
Фо­нен­до­скоп
да­на
1
28
Аяқ-қол­ды им­мо­би­ли­за­ци­я­ла­у­ға ар­нал­ған ши­на­лар
да­на
2-4
29
Бір рет қол­да­ны­ла­тын шпа­тель
да­на
10
30
Ине­ле­рі бар бір рет қол­да­ны­ла­тын шприц­тер:
2 мил­ли­литр;
5 мил­ли­литр;
10 мил­ли­литр.
да­на
10
10
5

2 Орта білім алушыларға медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттар

Орта білім беру
ұйымдарында медициналық
көмек көрсету стандартына
2-қосымша
Орта білім алушыларға медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттар

Ата­уы
Өл­шем бір­лік­те­рі
Са­ны
1
Ам­ми­ак ері­т­ін­ді­сі 10%
құ­ты
1
2
Аце­тил­са­ли­цил қыш­қы­лы 500 мил­ли­грамм, таб­лет­ка №10
қап­та­ма
10
3
Ибу­про­фен 200 мил­ли­грамм, таб­лет­ка №10
қап­та­ма
1
4
Ло­ра­та­дин 10 мил­ли­грамм, таб­лет­ка №10
қап­та­ма
1
5
На­трий хло­ри­ді 0,9% 200 мил­ли­литр
құ­ты
2
6
Па­ра­це­та­мол 500 мил­ли­грамм, таб­лет­ка №10
қап­та­ма
10
7
Пред­ни­зо­лон 30 мил­ли­грамм, ам­пу­ла №3
қап­та­ма
1
8
Су­те­гі ас­қын ері­т­ін­ді­сі 3%
құ­ты
1
9
Хл­ор­гек­си­дин би­глю­ко­нат ері­т­ін­ді­сі 0,05%
құ­ты
3
10
Ауыз ар­қы­лы су­лан­ды­ру тұ­зы, ұн­тақ
қап­та­ма
1
11
Саль­бу­та­мол, ин­га­ля­ци­я­ға ар­нал­ған аэро­золь
аэро­золь
1
12
Хлор­пи­ра­мин 20 мг, ам­пу­ла №5
қап­та­ма
1
13
Бел­сен­ді­рі­л­ген кө­мір, таб­лет­ка №10
қап­та­ма
10
14
Эпи­неф­рин 0,18%, ам­пу­ла №10
қап­та­ма
1

3 Білім беру ұйымының медициналық пунктін жиһазбен, техникамен және кеңсе керек-жарақтарымен жабдықтау

Орта білім беру
ұйымдарында медициналық
көмек көрсету стандартына
3-қосымша
Білім беру ұйымының медициналық пунктін жиһазбен, техникамен және кеңсе керек-жарақтарымен жабдықтау

Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар мен құ­рал-сай­ман­дар­дың ата­уы
Өл­шем бір­лік­те­рі
Са­ны
1
Та­ра­зы
да­на
1
2
Кең­се ке­рек-жа­рақ­та­ры (жур­нал­дар, А4 фор­ма­тын­да­ғы қа­ғаз, же­лім, қа­лам­дар, қа­рын­да­штар, тес­кіш, степ­лер, кор­рек­тор, қай­шы, пап­ка­лар)
да­на
тұ­рақ­ты қол­да бар
3
Ку­шет­ка
да­на
1
4
Шы­ны қақ­па­ғы бар ме­ди­ци­на­лық үстел
да­на
1-2
5
Дер­бес ком­пью­тер
да­на
1-2
6
Жа­зу үсте­лі
да­на
1
7
Прин­тер
да­на
1
8
Бой­ды өл­шеу құ­ра­мы (ро­сто­мер)
да­на
1
9
Сан­ти­метр­лік лен­та
да­на
1
10
Орын­дық­тар
да­на
2-6
11
То­ңа­зыт­қыш (вак­ци­на­лар мен дә­рі-дәр­мек­тер­ге ар­нал­ған)
да­на
2
12
Шир­ма
да­на
1
13
Кең­се шка­фы
да­на
1-2
14
Ме­ди­ци­на­лық шкаф
да­на
1

Қолданыстағы