Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 50
- Қабылданған күні
- 17.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2023 179065_621610.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23Z000050A
- ЭКБ идентификаторы
- 179065
- Редакция идентификаторы
- 179065_621610
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:22
0 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы»Заңдарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы №282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 тіркелген) бұйрығын басшылыққа ала отырып, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек саудабағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері бекітілсін.
2 2. «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Балтаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2023 жылғы «__» _________
№___ қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері
№
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары
Әкімшілік-аумақтық бірлік
Бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері, теңге килограмына
Қолданылу мерзімі
1
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада
Батыс Қазақстан облысы
309
30 күнтізбелік күн