Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 50
- Қабылданған күні
- 17.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2023 179065_621610.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23Z000050A
- ЭКБ идентификаторы
- 179065
- Редакция идентификаторы
- 179065_621610
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:22
0 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы»Заңдарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы №282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 тіркелген) бұйрығын басшылыққа ала отырып, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек саудабағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері бекітілсін.
2. «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Балтаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2023 жылғы «__» _________
№___ қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері
№
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары
Әкімшілік-аумақтық бірлік
Бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері, теңге килограмына
Қолданылу мерзімі
1
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада
Батыс Қазақстан облысы
309
30 күнтізбелік күн