О некоторых вопросах Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Қолданыста
Қаулы
·№ 180
·
17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 03.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2023 179095_623020.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000180
- ЭКБ идентификаторы
- 179095
- Редакция идентификаторы
- 179095_623020
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:16
0 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 159-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Нұра» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3 3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-1-жолмен толықтырылсын:
«20-1. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Нұра» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.».