Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Қаулы · № 180 · қабылданған 03.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-179095/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан Қолданыста 03.03.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О некоторых вопросах Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы № 180 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
180
Қабылданған күні
03.03.2023
Көрсетілген редакция
03.03.2023 179095_623020.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000180
ЭКБ идентификаторы
179095
Редакция идентификаторы
179095_623020
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:16
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 159-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Нұра» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылсын.

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-1-жолмен толықтырылсын:
«20-1. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Нұра» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы.».

4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.