Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 219 · қабылданған 16.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-179115/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 219 ·16.03.2023
11.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 219 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
219
Қабылданған күні
16.03.2023
Көрсетілген редакция
11.11.2024 179115_728900.kaz
Соңғы өзгеріс
11.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000219
ЭКБ идентификаторы
179115
Редакция идентификаторы
179115_728900
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:12

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

2 2. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Кинематография туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар:
1) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну, оның ішінде қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға мемлекеттік қаржылық қолдаудың жыл сайынғы сомасының жалпы көлемінің кемінде отыз бес пайызы мөлшерінде ұсыну;
2) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу;
3) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Кинематография туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы қаулының 2-тармағының 2) тармақшасы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады».»;

3 3. «Мемлекеттік фильмдер қорының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 551 қаулысында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Кинематография туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
_______________________

2 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша

Қолданыстағы