О реализации Нагойского протокола регулирования доступа к генетическим ресурсам и совместного использования на справедливой и равной основе выгод от их применения к Конвенции о биологическом разнообразии
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реализации Нагойского протокола регулирования доступа к генетическим ресурсам и совместного использования на справедливой и равной основе выгод от их применения к Конвенции о биологическом разнообразии
- Атауы (қаз.)
- Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 222
- Қабылданған күні
- 16.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2023 179116_621960.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000222
- ЭКБ идентификаторы
- 179116
- Редакция идентификаторы
- 179116_621960
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:11
0 Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі
Нагоя хаттамасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
«Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 1025 Жарлығының 2-тармағына, Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасы (бұдан әрі – Нагоя хаттамасы) 13-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі:
генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық үйлестіру орталығы;
өсімдіктер дүниесінің, оның ішінде ормандар мен жануарлар дүниесінің генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық құзыретті орган;
2 2) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі генетикалық ресурстарға қол жеткізу және микроағзалардың генетикалық ресурстары (штамдары) саласындағы пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық құзыретті орган;
3 3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық құзыретті орган;
4 4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар (вакциналар) өндірісімен байланысты генетикалық ресурстар саласындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық құзыретті орган болып тағайындалсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар, Ғылым және жоғары білім, Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрліктері Нагоя хаттамасының 17-бабы 1-тармағының а) тармақшасына сәйкес:
1 1) ведомстволық бағынысты ұйымдар қатарынан генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асыруды және ашықтығын арттыруды қамтамасыз ететін бақылау пункттерін белгілесін;
2 2) Нагоя хаттамасының ережелерінен туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізілсін.
4 4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Нагоя хаттамасына сәйкес ұлттық үйлестіру орталығы мен құзыретті ұлттық органдардың тағайындалуы туралы Биологиялық әралуандық туралы конвенцияның хатшылығын хабардар етсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2023 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
функциялары мынадай мазмұндағы 508-30), 508-31) және 508-32) тармақшалармен толықтырылсын:
«508-30) ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға және пайданы бірлесіп пайдалануға қолжетімділікті, сондай-ақ генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімдерге қолжетімділікті ұйымдастырады;
508-31) генетикалық ресурстарға байланысты өзінің құзыреті және дәстүрлі білімдер шегінде генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
508-32) ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің генетикалық ресурстарына қол жеткізу үшін негізделген қорытынды береді;».
2 2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
функциялары мынадай мазмұндағы 323-2), 323-3) және 323-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«323-2) дәрілік заттарды (вакциналарды) өндіруге байланысты генетикалық ресурстар саласында генетикалық ресурстарға және пайданы бірлесіп пайдалануға қолжетімділікті ұйымдастырады;
323-3) генетикалық ресурстарға байланысты өзінің құзыреті және дәстүрлі білімдер шегінде генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
323-4) дәрілік заттардың (вакциналардың) генетикалық ресурстарына қол жеткізу үшін негізделген қорытынды береді;».
3 3. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 664-11), 664-12), 664-13), 664-14), 664-15) және 664-16) тармақшалармен толықтырылсын:
«664-11) генетикалық ресурстарға байланысты өзінің құзыреті және дәстүрлі білімдер шегінде генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
664-12) өсімдіктер, оның ішінде ормандар мен жануарлар дүниесінің генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға және пайданы бірлесіп пайдалануға, сондай-ақ осы генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімдерге қолжетімділікті ұйымдастырады;
664-13) өсімдіктер, оның ішінде ормандар мен жануарлар дүниесінің генетикалық ресурстарына қол жеткізу үшін негізделген қорытынды береді;
664-14) құзыретті ұлттық органдардың қорытындылары негізінде Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға және осы Конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізу және оларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін рұқсаттар береді;
664-15) генетикалық ресурстарға қол жеткізу үшін реттеушілік талаптарды және ұлттық рұқсат нысандарын әзірлейді және бекітеді;
664-16) генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеу тәртібін айқындайды;».
4 4. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 177-12), 177-13) және 177-14) тармақшаларымен толықтырылсын:
«177-12) микроағзалардың (штамдардың) генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және пайданы бірлесіп пайдалануды ұйымдастырады;
177-13) генетикалық ресурстарға байланысты өзінің құзыреті және дәстүрлі білімдер шегінде генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
177-14) микроағзалардың (штамдардың) генетикалық ресурстарына қол жеткізу үшін негізделген қорытынды береді.».
_________________________