Об изъятии редких и находящихся под угрозой исчезновения видов рыб и других водных животных для научных исследований
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изъятии редких и находящихся под угрозой исчезновения видов рыб и других водных животных для научных исследований
- Атауы (қаз.)
- Балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеулер үшін алу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 220
- Қабылданған күні
- 16.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2023 179122_636608.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000220
- ЭКБ идентификаторы
- 179122
- Редакция идентификаторы
- 179122_636608
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:12
0 Балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеулер үшін алу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналарды:
1
1) 2023 жылғы 15 наурыздан бастап 15 мамыр аралығындағы және 2023 жылғы 15 қыркүйектен бастап 1 желтоқсан аралығындағы кезеңде Маңғыстау және Атырау облыстарының Дурнева және Ремонтные шалыги (Ақтоты) аралдарында ен салу және ғылыми зерттеулер үшін каспий итбалығының кейіннен табиғи мекендеу ортасына жіберілетін 156 дарағын;
2
2) 2023 жылғы 1 наурыздан бастап 1 қазан аралығындағы кезеңде Алматы және Жетісу облысының шегінде Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлінен және Қапшағай су қоймасынан жөндеу-аналық табындарды қалыптастыру және оларды кейіннен жасанды жолмен молықтыру үшін ғылыми зерттеулер мақсатында 500 килограмм көлемінде арал пілмайын;
3 3) 2023 жылғы 1 наурыздан бастап 1 қазан аралығындағы кезеңде Қызылорда облысының шегінде Сырдария өзенінен жөндеу-аналық табындарды қалыптастыру және оларды кейіннен жасанды жолмен молықтыру үшін ғылыми зерттеулер мақсатында 300 килограмм көлемінде арал қаязын;
4
4) 2023 жылғы 1 наурыздан бастап 30 қазан аралығындағы кезеңде Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының шегінде Ертіс өзенінен жөндеу-аналық табындарды қалыптастыру және оларды кейіннен жасанды жолмен молықтыру үшін ғылыми зерттеулер мақсатында 200 килограмм көлемінде сібір бекіресін алу рұқсат етілсін.
2 2. Арал пілмайы мен сібір бекіресінің бір килограмын алу үшін төлемақы мөлшерлемесі 0,064 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және арал қаязының бір килограмын алу үшін 0,013 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғаларға каспий итбалықтарының дарақтарын, арал пілмайын, арал қаязын және сібір бекіресін ғылыми зерттеулер үшін алудың көрсетілген көлемдеріне рұқсат берсін.