Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Бұйрық · № 38 · қабылданған 15.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-179144/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 38 ·15.03.2023
15.03.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 38 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
38
Қабылданған күні
15.03.2023
Көрсетілген редакция
15.03.2023 179144_623316.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032091
ЭКБ идентификаторы
179144
Редакция идентификаторы
179144_623316
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:12

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 38 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының
3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламаларының тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Медицина.
2. Педиатрия.
3. Стоматология.».
2. «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 223-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 223-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының (бұдан әрі – білім алушылар) білімі мен дағдыларын бағалау тәртібін айқындайды.»;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 223-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің (бұдан әрі – түлектер) кәсіптік даярлығын бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды.»;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 223-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау (бұдан әрі - Бағалау) тәртібін айқындайды.»;
7-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Болашақ» халықаралық стипендиясының, танудан босататын халықаралық шартқа (келісімге) қол қойған елдердің оқу орындарының және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен үш халықаралық академиялық рейтингке және олардың екеуінің немесе одан да көбінің алғашқы 250 (екі жүз елу) позицияларының қатарына кіретін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алған тұлғалар.».

3

3. «Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21802 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 222-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Резидентурада медициналық кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 222-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, медицина кадрларын резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыруды айқындайды.»;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген медицина кадрларын резидентурада оқуға қабылдау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Медицина кадрларын резидентурада оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 222-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және медицина кадрларын резидентурада оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 352 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) бекітілген білім туралы құжаттарды тану қағидаларына, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен танылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Резидентураға түсуші тұлғалар резидентура бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:
1) ұйым басшысының атына жазылған еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына берген кезде), «дәрігер» біліктілігі берілген көшірме (ақпараттық жүйе арқылы берген кезде). Шетелде медициналық білім алған тұлғалар өздерінің білімін тану туралы және (немесе) «дәрігер» біліктілігін беру туралы құжатты ұсынады. Қабылдау кезінде жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы және (немесе) білімін тану, «дәрігер» біліктілігін беру туралы құжат қабылдау комиссиясына тапсырылады;
3) интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);
4) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты немесе сертификаты туралы мәліметтер (шет мемлекет берген құжаттардың көшірмесі);
5) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;
6) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);
7) 3x4 сантиметр өлшемдегі алты фотосурет;
8) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама.»;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген медицина кадрларын резидентурада даярлау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Медицина кадрларын резидентурада даярлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 222-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және медицина кадрларын резидентурада даярлау тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Резидентурада білім алатын тұлға кәсіптік біліктілігін өзгерту мақсатында формальды білім беруді оқытудың бұрын қол жеткізілген нәтижелерін тануды ескере отырып, түлектердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары дербес әзірлеген қысқартылған білім беру бағдарламаларына және «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) сәйкес бағдарламаны игереді.».

4

4. «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 27-бабының 6-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарында:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

1 Білім беру ұйымының ақпараттық картасы _________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) _________________________________________________________________ (резидентура мамандығының атауы)

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Медицина кадрларын
резидентурада даярлауға арналған
мемлекеттік тапсырысты орналастыру
қағидаларына 4-қосымша
Білім беру ұйымының ақпараттық картасы
_________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
_________________________________________________________________
(резидентура мамандығының атауы)

Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы ту­ра­лы жал­пы мә­лі­мет­тер
Көр­сет­кіш­тер
1. Жал­пы мә­лі­мет­тер
1.1
Ха­лы­қа­ра­лық және (неме­се) ұлт­тық ин­сти­ту­ци­о­нал­дық ак­кре­дит­теу
1.2
Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның ха­лы­қа­ра­лық рей­тин­гі (ор­ны, рей­тин­гі­нің ата­уы)
1.3
Бі­лім бе­ру пор­та­лы­ның бо­луы
2. Ре­зи­ден­ту­ра бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның топ­та­ры бой­ын­ша жал­пы мә­лі­мет­тер
2.1
Жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лі­мі бар кадр­лар да­яр­ла­удың ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша бі­лім бе­ру қыз­ме­тін жүр­гізу­ге құқық бе­ре­тін ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша
2.2.
Ха­лы­қа­ра­лық және (неме­се) ұлт­тық ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ак­кре­дит­теу
2.3
Бі­ті­ру­ші­лер­дің жұ­мысқа ор­на­ла­суы, жұ­мысқа ор­на­лас­қан бі­ті­ру­ші­лер­дің %-ы
2.4
Бі­лім мен дағ­ды­лар­ды тәу­ел­сіз ба­ға­ла­удан та­бысты өт­кен ре­зи­ден­ту­ра тү­лек­те­рі­нің үле­сі
3. Кадр­лық қам­та­ма­сыз ету және пе­да­гог қыз­мет­кер­лер­дің бі­лік­ті­лік дең­гейі
3.1
Штат­тық оқы­ту­шы­лар­дың жал­пы са­ны:
ғы­лым док­тор­ла­ры
PhD док­тор­ла­ры
ғы­лым кан­ди­дат­та­ры
жо­ға­ры неме­се бі­рін­ші бі­лік­ті­лік са­на­ты бар
3.2
және (неме­се) оның ішін­де бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның топ­та­ры бой­ын­ша (са­ны)
ғы­лым док­тор­ла­ры
PhD док­тор­ла­ры
ғы­лым кан­ди­дат­та­ры
жо­ға­ры неме­се бі­рін­ші бі­лік­ті­лік са­на­ты бар
Жоғарыда келтірілген ақпараттың шынайылығын растаймын
Ұйым басшысы
_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________
басшының қолы
Мөр орны
Күні 20 ___ жылғы «___» _______________

2 «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы
маманды сертификаттауды жүргізу,
шетелдік мамандарды қоса алғанда,
денсаулық сақтау саласындағы маман
сертификатының қолданысын растау
қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде денсаулық
сақтау саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім алған
адамды денсаулық сақтау саласындағы
маманды сертификаттауға жіберу
шарттарына 2-қосымша
Нысан
«Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Ме­ди­ци­на­лық және фар­ма­цев­ти­ка­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық де­пар­та­мент­те­рі
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (www. egov.kz, www.​eli​cens​e.​kz)
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
5 (бес) жұ­мыс кү­ні
4
Көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Кли­ни­ка­лық прак­ти­ка­ға жі­бе­ру үшін ма­ман сер­ти­фи­ка­ты (бұ­дан әрі - ма­ман сер­ти­фи­ка­ты) не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен;
2) пор­тал – тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды)
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ма­ман сер­ти­фи­ка­тын (ал­ғаш рет мә­лім­дел­ген ма­ман­дық­қа неме­се ма­ман­дан­ды­ру­ға) алу үшін мы­на­дай құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­ді ұсы­на­ды:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі - ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің 2020 жы­л­ғы 15 жел­тоқ­сан­да­ғы № ҚР ДСМ-274/2020 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­ды сер­ти­фи­кат­та­уды жүр­гі­зу, ше­тел­дік ма­ман­дар­ды қо­са ал­ған­да, ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман сер­ти­фи­ка­ты­ның қол­да­ны­сын рас­тау қа­ғи­да­ла­рын, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­де ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да ме­ди­ци­на­лық және (неме­се) фар­ма­цев­ти­ка­лық бі­лім ал­ған адам­ды ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­ды сер­ти­фи­кат­та­у­ға жі­бе­ру шар­тта­ры­ның 1-қо­сым­ша­сы­на (бұ­дан әрі – сер­ти­фи­кат­тау қа­ғи­да­ла­ры) (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21818 бо­лып тір­кел­ген) сәй­кес элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
2) осы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі қо­сым­ша­ға сәй­кес мә­лі­мет­тер ны­са­ны;
3) ор­та (тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры, жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі ме­ди­ци­на­лық бі­лім ту­ра­лы ди­плом (2015 жы­л­ға дей­ін оқуын бі­тір­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар үшін) (ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де бол­ма­ған жағ­дай­да);
4) «Дә­рі­гер» бі­лік­ті­лі­гін және (неме­се) ин­тер­на­ту­ра­да және (неме­се) ре­зи­ден­ту­ра­да неме­се кли­ни­ка­лық ор­ди­на­ту­ра­да (бар бол­са, жо­ға­ры, жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар үшін), жо­ға­ры оқу ор­нын­да оқу­ды аяқ­та­ған­нан кей­ін ин­тер­на­ту­ра­ны, ре­зи­ден­ту­ра­ны бі­ті­ру­ді көз­де­мей­тін ма­ман­дық­тар бой­ын­ша құ­жат­тар;
5) «Бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­ды та­ну қа­ғи­да­ла­рын, сон­дай-ақ бі­лім ту­ра­лы құ­жат­та­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ны­ла­тын ше­тел­дік жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның тіз­бе­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2021 жы­л­ғы 19 шіл­де­де­гі № 352 бұй­ры­ғы­на (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 23626 бо­лып тір­кел­ген) (бұ­дан әрі – Та­ну қа­ғи­да­ла­ры) сәй­кес бе­рі­л­ген бас­қа мем­ле­кет­тер­де және ха­лы­қа­ра­лық неме­се ше­тел­дік оқу орын­да­рын­да (олар­дың фи­ли­ал­да­рын­да) ме­ди­ци­на­лық бі­лім ал­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бі­лі­мін та­ну ту­ра­лы құ­жат;
6) «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ға қо­сым­ша және фор­маль­ды емес бі­лім бе­ру қа­ғи­да­ла­рын, ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы қо­сым­ша және фор­маль­ды емес бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын ұй­ым­дар­ға қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­рын, сон­дай-ақ қо­сым­ша және фор­маль­ды емес бі­лім бе­ру ар­қы­лы ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар ал­ған оқу­дың нәти­же­ле­рін та­ну қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің 2020 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № ҚР ДСМ-303/2020 бұй­ры­ғы­на (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21847 бо­лып тір­кел­ген) (бұ­дан әрі – Қо­сым­ша бі­лім бе­ру қа­ғи­да­ла­ры) сәй­кес мә­лім­дел­ген ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты бол­ма­ған кез­де неме­се бұ­рын бе­рі­л­ген ма­ман сер­ти­фи­ка­ты­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі 3 (үш) жыл­дан ас­қан кез­де мә­лім­дел­ген ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша ең­бек қыз­ме­ті үзі­лі­сі 3 (үш) жыл­дан аса­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар үшін сер­ти­фи­кат­тау сәт­ін­де жал­пы кө­ле­мі ке­мін­де 8 (се­гіз) кре­дит (240 са­ғат) бой­ын­ша бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру ту­ра­лы ку­ә­лік. Ме­ди­ци­на­лық бі­лім бе­ру ұй­ы­мын бі­тір­ген сәт­тен ба­стап 3 (үш) жыл ішін­де ма­ман сер­ти­фи­ка­тын ал­ма­ған, сон­дай-ақ жа­ңа ма­ман­дық­қа неме­се ма­ман­дан­ды­ру­ға үміт­кер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар мә­лім­дел­ген ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы ку­ә­лі­гін ұсын­бай­ды;
7) ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша қо­сым­ша­сы бар сер­ти­фи­кат­тау кур­сы ту­ра­лы ку­ә­лік (тран­скрипт) (бар болған жағ­дай­да);
8) «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бі­лім алушы­ла­ры­ның бі­лі­мі мен дағ­ды­ла­рын ба­ға­лау, тү­лек­те­рі­нің кә­сіп­тік да­яр­лы­ғын ба­ға­лау, ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­дың кә­сіп­тік да­яр­лы­ғын ба­ға­лау қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің 2020 жы­л­ғы 11 жел­тоқ­сан­да­ғы № ҚР ДСМ-249/2020 бұй­ры­ғы­на (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21763 бо­лып тір­кел­ген) сәй­кес мә­лім­дел­ген ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша ең­бек қыз­ме­т­ін­де 3 (үш) жыл­дан астам үзі­лі­сі бар, ма­ман сер­ти­фи­ка­ты бол­ма­ған кез­де неме­се бұ­рын бе­рі­л­ген ма­ман сер­ти­фи­ка­ты­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі 3 (үш) жыл­дан астам өт­кен кез­де, сон­дай-ақ жа­ңа ма­ман­дық­қа неме­се ма­ман­дан­ды­ру­ға үміт­кер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар үшін ма­ман кә­сіп­тік да­яр­лы­ғын ба­ға­лау нәти­же­сі (оның ішін­де ше­тел­де ме­ди­ци­на­лық бі­лім ал­ған тұ­лға­лар үшін);
9) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек ко­дек­сі­нің 35-ба­бы­на, қыз­мет­тің мә­лім­де­ле­тін кі­ші түр­ле­ріне сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат (жұ­мыс­кер­лер­дің бей­ін­де­рі және іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сін­де (бұ­дан әрі – сер­вис) ең­бек шар­тта­рын есеп­ке алу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер бол­ма­ған кез­де) (бар болған жағ­дай­да).
Қол­да­ны­с­та­ғы ма­ман сер­ти­фи­ка­ты бол­ма­ған кез­де неме­се бұ­рын алын­ған ма­ман сер­ти­фи­ка­ты­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі мә­лім­дел­ген ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша 3 (үш) жыл­дан астам өт­кен кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар ба­ға­лау және дағ­ды­лар нәти­же­сін бе­ре оты­рып, ал­ғаш мә­лім­дел­ген ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру ре­т­ін­де ма­ман сер­ти­фи­ка­тын алу­ға үміт­кер бо­ла­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ды сер­ти­фи­кат­та­у­ға жа­та­тын ма­ман­дық­тар мен ма­ман­дан­ды­ру­лар тіз­бе­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің 2020 жы­л­ғы 30 қа­ра­ша­да­ғы № ҚР ДСМ-218/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21699 бо­лып тір­кел­ген) (бұ­дан әрі-Ма­ман­дық­тар тіз­бе­сі) бе­кі­ті­л­ген Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ды сер­ти­фи­кат­та­у­ға жа­та­тын ма­ман­дық­тар мен ма­ман­дан­ды­ру­лар тіз­бе­сін­де көр­се­ті­л­ген ма­ман­дық­тар неме­се ма­ман­дан­ды­ру­лар бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­тын ала­ды. Мә­лім­дел­ген ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты­ның қол­да­ны­с­та­ғы неме­се қол­да­ны­лу мер­зі­мі 3 (үш) жыл­дан кем еке­нін рас­тау үшін ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар мы­на­дай құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­ді ұсы­на­ды:
1) Сер­ти­фи­кат­тау қа­ғи­да­ла­ры­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес қыз­мет­ті алушы­ның ку­әлан­ды­ры­л­ған ЭЦҚ-сы бар элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
2) осы қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сіне қо­сым­ша­ға сәй­кес мә­лі­мет­тер ны­са­ны;
3) рас­тау сәт­ін­де соң­ғы 5 (бес) жыл ішін­де жал­пы кө­лем­де ке­мін­де 4 (төрт) кре­ди­ті (120 са­ғат) бар мә­лім­дел­ген ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша ең­бек қыз­ме­ті үзі­ліс­сіз мә­лім­дел­ген ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша қол­да­ны­с­та­ғы ма­ман сер­ти­фи­ка­ты бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар үшін қо­сым­ша бі­лім бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес мә­лім­дел­ген ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру ту­ра­лы ку­ә­лік;
4) ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша қо­сым­ша­сы бар сер­ти­фи­кат­тау кур­сы ту­ра­лы ку­ә­лік (тран­скрипт) (бар болған жағ­дай­да);
5) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек ко­дек­сі­нің 35-ба­бы­на сәй­кес қыз­мет­тің мә­лім­де­ле­тін кі­ші түр­ле­ріне сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат (қыз­мет­кер­лер­дің бей­ін­де­рі және сер­ви­сте ең­бек шар­тта­рын есеп­ке алу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер бол­ма­ған кез­де);
6) ор­та (тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры, жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі ме­ди­ци­на­лық бі­лім ту­ра­лы ди­плом (2015 жы­л­ға дей­ін оқуын бі­тір­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар үшін) (ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де бол­ма­ған кез­де);
7) мә­лім­дел­ген ма­ман­дық бой­ын­ша ин­тер­на­ту­ра­да және (неме­се) ре­зи­ден­ту­ра­да неме­се кли­ни­ка­лық ор­ди­на­ту­ра­да неме­се қай­та да­яр­ла­уда оқу­ды аяқ­та­ға­нын рас­тай­тын құ­жат­тар (бар болған жағ­дай­да) (2021 жы­л­ға дей­ін ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар ал­ған жағ­дай­да қай­та да­яр­лау ту­ра­лы ку­ә­лік);
8) қол­да бар ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты­ның кө­шір­ме­сі (сер­ви­сте мә­лі­мет­тер бол­ма­ған жағ­дай­да) (қол­да­ны­лу мер­зі­мі 3 (үш) жыл­дан ас­пай­тын, мә­лім­дел­ген ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша жа­рам­сыз ма­ман сер­ти­фи­ка­ты неме­се ма­ман­дан­ды­руы бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар үшін);
9) Та­ну қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес бе­рі­л­ген бас­қа мем­ле­кет­тер­де және ха­лы­қа­ра­лық неме­се ше­тел­дік оқу орын­да­рын­да (олар­дың фи­ли­ал­да­рын­да) ме­ди­ци­на­лық бі­лім ал­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бі­лі­мін та­ну ту­ра­лы құ­жат. Мә­лім­дел­ген ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша қол­да­ны­с­та­ғы ма­ман сер­ти­фи­ка­тын рас­тау ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қол­да­ны­с­та­ғы ма­ман сер­ти­фи­ка­ты­ның (қол­да­ны­лу мер­зі­мі, ма­манды­ғы неме­се ма­ман­да­нуы) бо­луын сер­ви­стен тек­се­ре­ді.
Сер­ви­стен алын­ған де­ректер сәй­кес кел­ген жағ­дай­да қол­да­ны­с­та­ғы ма­ман сер­ти­фи­ка­ты сер­ти­фи­кат­тау қа­ғи­да­ла­ры­на 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мә­лім­дел­ген ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша 5 (бес) жы­л­ға ма­ман сер­ти­фи­ка­тын бе­ру­мен рас­та­ла­ды.
Жұ­мыс өті­лін­де 3 (үш) жыл­дан кем үзі­лі­сі және (неме­се) мә­лім­дел­ген ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша мер­зі­мі 3 (үш) жыл­дан кем жа­рам­сыз ма­ман сер­ти­фи­ка­ты бар, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар мә­лім­дел­ген ма­ман­дық неме­се ма­ман­дан­ды­ру бой­ын­ша бұ­рын ал­ған ма­ман сер­ти­фи­ка­ты рас­тал­ған кез­де ба­ға­лау және дағ­ды­лар нәти­же­сін ұсын­бай­ды.
2014 жы­л­ға дей­ін «Ем­деу ісі», «Пе­ди­ат­рия» және «Шы­ғыс ме­ди­ци­на­сы» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі ме­ди­ци­на­лық бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын бі­тір­ген, мә­лім­дел­ген ма­ман­дық бой­ын­ша ин­тер­на­ту­ра, ре­зи­ден­ту­ра, кли­ни­ка­лық ор­ди­на­ту­ра ма­ман­дық­та­ры сәй­кес кел­ме­ген кез­де Ма­ман­дық­тар тіз­бе­сін­де көз­дел­ген ме­ди­ци­на­лық ма­ман­дық­тар бой­ын­ша сер­ти­фи­кат алу­ға үміт­кер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар мә­лім­дел­ген ма­ман­дық бой­ын­ша қай­та да­яр­ла­удан өт­ке­ні ту­ра­лы оқу ұз­ақ­тығ­ын са­ғат­пен көр­се­те оты­рып құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды (жұ­мыс іс­тей­тін ма­ман­дар үшін).
Ме­ди­ци­на­лық, оның ішін­де 2005 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­ін мә­лім­дел­ген ма­ман­дық бой­ын­ша кли­ни­ка­лық қыз­мет­ке кі­ріс­кен және құ­жат­тар­ды тап­сы­ру сәт­ін­де үз­дік­сіз жұ­мыс өті­лі бар, ең­бек кі­тап­ша­сын­да­ғы жа­з­ба­лар­мен рас­та­ла­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мә­лім­дел­ген ма­ман­дық бой­ын­ша қай­та да­яр­ла­удан өту та­лап етіл­мей­ді.
«Ем­деу ісі», «Пе­ди­ат­рия», «Жал­пы ме­ди­ци­на» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша 1998 жыл­дан кей­ін және «Шы­ғыс ме­ди­ци­на­сы» және «Сто­ма­то­ло­гия» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша және 2006 жыл­дан кей­ін жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын бі­тір­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Бі­лім ту­ра­лы» за­ңы­ның 21-ба­бы 5-тар­ма­ғы­на (бұ­дан әрі – «Бі­лім ту­ра­лы» За­ңы) сәй­кес ин­тер­на­ту­ра­ны бі­тір­ге­ні ту­ра­лы құ­жат ұсы­ну кли­ни­ка­лық прак­ти­ка­ға жі­бе­ру­дің мін­дет­ті шар­ты бо­лып та­бы­ла­ды.
2013 жыл­дан кей­ін жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі ме­ди­ци­на­лық бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын бі­тір­ген, ма­ман­дық­тар тіз­бе­сін­де көз­дел­ген кли­ни­ка­лық ма­ман­дық­тар бой­ын­ша сер­ти­фи­кат алу­ға көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы «Бі­лім ту­ра­лы» за­ңы­ның 22-ба­бы 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес ре­зи­ден­ту­ра­ны бі­тір­ге­ні ту­ра­лы құ­жат­ты ұсы­на­ды.
Ор­та тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лі­мі, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ма­ман­дық­тар тіз­бе­сін­де көр­се­ті­л­ген ма­ман­дық­тар бой­ын­ша сер­ти­фи­кат алу үшін оқу­ды бі­тір­ген жы­лын ес­ке­ре оты­рып, мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды:
1) 2005 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­ін:
«Мей­ір­гер ісі» ма­манды­ғы бой­ын­ша – «Мей­ір­гер ісі», «Ем­деу ісі», «Аку­ше­ри­я­лық іс» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша ор­та ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом, «Ем­деу ісі», «Пе­ди­ат­рия», «Шы­ғыс ме­ди­ци­на­сы», «Жал­пы ме­ди­ци­на» ма­манды­ғы бой­ын­ша жо­ға­ры бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом, «Жал­пы ме­ди­ци­на», «Мей­ір­гер ісі» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша ба­ка­лаври­ат және «Мей­ір­гер ісі» ма­манды­ғы бой­ын­ша соң­ғы 5 жыл ішін­де бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы құ­жат;
«Ем­деу ісі» ма­манды­ғы бой­ын­ша – «Ем­деу ісі», «Аку­ше­ри­я­лық іс» ма­манды­ғы бой­ын­ша ор­та ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом, «Ем­деу ісі», «Пе­ди­ат­рия», «Шы­ғыс ме­ди­ци­на­сы», «Жал­пы ме­ди­ци­на» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша жо­ға­ры бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом, «Жал­пы ме­ди­ци­на», «Мей­ір­гер ісі» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша ба­ка­лавр­лар және соң­ғы 5 жыл­да­ғы «Ем­деу ісі» ма­манды­ғы бой­ын­ша 2021 жы­л­ға дей­ін қай­та да­яр­лау және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы құ­жат;
«Аку­ше­ри­я­лық іс» ма­манды­ғы бой­ын­ша – «Аку­ше­ри­я­лық іс», «Ем­деу ісі», «Мей­ір­гер ісі» ма­манды­ғы бой­ын­ша ор­та ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом, «Ем­деу ісі», «Пе­ди­ат­рия», «Шы­ғыс ме­ди­ци­на­сы», «Жал­пы ме­ди­ци­на» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша жо­ға­ры бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом, «Жал­пы ме­ди­ци­на», «Мей­ір­гер ісі» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша ба­ка­лавр­лар және соң­ғы 5 жыл­да­ғы «Аку­ше­ри­я­лық іс» ма­манды­ғы бой­ын­ша 2021 жы­л­ға дей­ін қай­та да­яр­лау және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы құ­жат;
2) 2012 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­ін:
«Зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка» ма­манды­ғы бой­ын­ша – «Зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка», «Аку­ше­ри­я­лық іс», «Ем­деу ісі», «Мей­ір­гер ісі» ма­манды­ғы бой­ын­ша ор­та ме­ди­ци­на­лық бі­лім ту­ра­лы ди­плом, «Ем­деу ісі», «Пе­ди­ат­рия», «Шы­ғыс ме­ди­ци­на­сы», «Жал­пы ме­ди­ци­на» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша жо­ға­ры бі­лім ту­ра­лы ди­плом, «Жал­пы ме­ди­ци­на», «Мей­ір­гер ісі» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша ба­ка­лавр­лар және соң­ғы 5 жы­л­ғы сер­ти­фи­кат­тық курс (2021 жы­л­ға дей­ін қай­та да­яр­лау) неме­се «Зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка» ма­манды­ғы бой­ын­ша бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы құ­жат.
2005 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­ін ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ке кі­ріс­кен және құ­жат­тар­ды тап­сы­ру сәт­ін­де мә­лім­дел­ген ма­ман­дық бой­ын­ша үз­дік­сіз жұ­мыс өті­лі бар «Мей­ір­гер ісі», «Ем­деу ісі», «Аку­ше­ри­я­лық іс», «Зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка», «Фельд­шер-зерт­ха­на­шы», «Са­ни­та­ри­я­лық фельд­шер», «Сто­ма­то­ло­гия», «Тіс дә­рі­ге­рі» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша ор­та ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мә­лім­дел­ген ма­ман­дық бой­ын­ша қай­та да­яр­ла­удан өту та­лап етіл­мей­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар осы тар­мақ­та көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы «Элек­трон­дық құ­жат және элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба ту­ра­лы» за­ңы­ның 1-ба­бы 7) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес элек­трон­дық кө­шір­ме­лер тү­рін­де бе­ре­ді.
Шет ті­лін­де бе­рі­л­ген құ­жат­қа қа­зақ неме­се орыс ті­лін­де­гі но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған аудар­ма­сы­ның элек­трон­дық нұс­қа­сы қо­сым­ша ұсы­ны­ла­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бар­лық қа­жет­ті құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған кез­де оның «же­ке ка­би­не­т­ін­де» мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге ар­нал­ған сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе көр­се­ті­ле­ді.
2015 жыл­дың 9 қа­за­ны­на дей­ін ма­ман­дар­ға бе­рі­л­ген мер­зім­сіз сер­ти­фи­кат­тар әр 5 жыл сай­ын бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру­дан өту ке­зін­де тұ­рақ­ты жа­рам­ды бо­ла­ды.
Ма­ман сер­ти­фи­ка­ты­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі өт­кен­нен кей­ін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы құ­жат­тың кө­шір­ме­сін (сер­ви­сте бол­ма­ған неме­се мәр­те­бе­сі жа­рам­сыз болған жағ­дай­да) ұсы­на­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот ше­ші­мі­нің заң­ды кү­шіне енуі;
2) ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің серт­ти­фи­кат­тау қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­шім­нің бо­луы, оның негі­зін­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы.
10
Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Ме­ди­ци­на­лық және фар­ма­цев­ти­ка­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің kmfk@​dsm.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген.
4. Мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі адам­дар үшін пан­дус, ша­қы­ру түй­ме­сі, за­ғип­тар мен на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған так­тиль­ді жол, кү­ту за­лы, құ­жат­тар үл­гі­ле­рі бар та­ған­дар бо­луы ти­іс.
5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон нө­мір­ле­рі - 1414, 8-800-080-7777.

2.0 Мәліметтер нысаны

«Клиникалық практикаға жіберу
үшін маман сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбесі қосымша
Нысан
Мәліметтер нысаны

1 1. Мәлімделген мамандықтың немесе мамандандырудың атауы ________

2 2. Медициналық білім____________________________________________

2.1 2.1. Білімі (техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі, жоғары білім) (дипломның электронды көшірмесі)

2.2 2.2. Дипломды тану (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған тұлғалар үшін) (тану туралы құжаттың электронды көшірмесі)

Оқыған елі_________________________________________________
Білім беру ұйымының толық атауы_____________________________
Тану куәлігін берген орган______________________
Тану бұйрығының нөмірі____________________________
Тану тіркеу нөмірі_______________________________
Тану куәлігінің берілген күні________________________

3 3. Мәлімделген мамандық бойынша интернатура (бар болған жағдайда), клиникалық ординатура, резидентура мамандығы туралы мәліметтер (жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін) (құжаттың электронды көшірмесі)

3.1 3.1. Интернатура мамандығы____________________________________

3.2 3.2. Клиникалық ординатура мамандығы__________________________

3.3 3.3. Резидентура мамандығы____________________________________

3.4 3.4. Магистратура мамандығы___________________________________

3.5 3.5. Докторантура мамандығы___________________________________

4 4. Қайта даярлау туралы мәлімет (2021 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған) (мәлімделген мамандық бойынша маман сертификатын растайтын тұлғалар үшін) (құжаттың электрондық көшірмесі) (бар болған жағдайда)

4.1 4.1. Қайта даярлау туралы куәліктің нөмірі__________________________

4.2 4.2. Қайта даярлау мамандығы_____________________________________

4.3 4.3. Оқытқан ұйымның атауы______________________________________

4.4 4.4. Оқудың сағат бойынша көлемі_________________________________

4.5 4.5. Оқудың басталуы____________________________________________

4.6 4.6. Оқудың аяқталуы____________________________________________

5 5. Сертификаттау курсы туралы мәлімет (құжаттың электрондық көшірмесі) (бар болған жағдайда)

5.1 5.1. Сертификаттау курсы туралы куәлік нөмірі ______________________

5.2 5.2. Сертификаттау курсы бойынша мамандандыру___________________

5.3 Оқытқан ұйымның атауы______________________________________

5.4 5.4. Оқудың кредиті бойынша көлемі________________________________

5.5 5.5. Оқудың басталуы____________________________________________

5.6 5.6. Оқудың аяқталуы____________________________________________

6 6. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін қолданыстағы маман сертификатының мәліметтері (бар болған жағдайда)

6.1 6.1. Бұйрықтың күні мен нөмірі________________________________

6.2 6.2. Әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды, тіркеу нөмірі __________________________

6.3 6.3. Берген орган___________________________________________

6.4 6.4. Сертификаттың қолданылу мерзімі_________________________

6.5 6.5. Мамандығы немесе мамандандыруы____________________________

7 7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін даярлығын бағалау нәтижесі _________ (бар болған жағдайда).

8 8. Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер_________________________

8.1 8.1. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша жұмыс өтілі (жыл, ай, күн) ____

8.2 8.2. Жалпы медициналық өтілі (жыл, ай, күн) ___________________

8.3 8.3. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны____________________________

8.4 8.4. Лауазымы______________________________________________

8.5 8.5. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметі

Қабылданған күні
Босатылған күні
Жұмыс орны
Атқаратын лауазымы
Бұйрық №
Бұйрық шығарылған күн

9 9. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша соңғы 5 жылда біліктілігін арттыру:

1 1) мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша біліктілікті арттыру куәлігі туралы мәліметтер____________________________________

2 2) біліктілікті арттыру туралы куәліктің нөмірі; ______________________

3 3) цикл атауы___________________________________________________

4 4) оқытатын ұйымның атауы______________________________________

5 5) оқудың басталуы______________________________________________

6 6) оқудың аяқталуы______________________________________________

7 7) кредитпен оқыту көлемі (сағатпен)

10

10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақпараттық сервисінен алынған деректерге сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша медициналық қызметке тыйым салу туралы немесе тыйым салынбау туралы мәліметтер _________________.

Қолданыстағы