Об утверждении Перечня нефтепродуктов, запрещенных или ограниченных к экспорту из Республики Казахстан за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня нефтепродуктов, запрещенных или ограниченных к экспорту из Республики Казахстан за пределы таможенной территории Евразийского экономического союза
- Атауы (қаз.)
- Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 118
- Қабылданған күні
- 24.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 24.03.2023 179230_622467.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032126
- ЭКБ идентификаторы
- 179230
- Редакция идентификаторы
- 179230_622467
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:09
0 Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 61-бабына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, 2019 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі арасындағы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы хаттамаға, 2019 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі арасындағы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы хаттамаға өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы 12 қазандағы хаттамаға сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін.
2 2. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесі бекітілсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы Қазақстар Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін хабардар етуді;
2 2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерік қоғамын (келісу бойынша) хабардар етуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5 5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды;
6 6) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараның енгізілетіні туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
1 Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 24 наурыздағы
№ 118 бұйрығымен
бекітілген
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесі
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды*
Позиция атауы
2710 12 110 1 – 2710 12 310 0
2710 12 700 0 – 2710 12 900 8
жеңіл дистилляттар
2710 19 110 0 – 2710 19 460 0
авиакеросиндер және дизель отыны
2710 20 110 0 – 2710 20 190 0
газойлдар
2902 30 000 0
2902 41 000 0
2902 42 000 0
2902 44 000 0
толуол, ксилолдар
2713 20 000 0
мұнай битумы
* Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен ғана айқындалады. Позиция атауы пайдалану ыңғайлылығы үшін ғана берілген.