Құжат мәтініне өту

Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Шымкент

Қаулы · № 565 · қабылданған 15.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-179317/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Шымкент Қолданыста Қаулы ·№ 565 ·15.03.2023
15.03.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Шымкент

Қолданыста Қаулы ·№ 565 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Шымкент
Атауы (қаз.)
Шымкент қаласының коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
565
Қабылданған күні
15.03.2023
Көрсетілген редакция
15.03.2023 179317_623007.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23E0017117
ЭКБ идентификаторы
179317
Редакция идентификаторы
179317_623007
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:12

0 Шымкент қаласының коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 5-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шымкент қаласының коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Шымкент қаласының коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттары

Шымкент қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «15»
наурыздағы № 565 қаулысына
қосымша
Шымкент қаласының коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттары
№ р/с
Өлшемшарттардың атауы
Иеліктен айыру түрі
1.
Мемлекеттің Шымкент қаласының коммуналдық мүлікті (бұдан әрі - Объект) одан әрі бақылауға мүдделілігінің болмауы (шарттар қойылмайды).
Оъектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.
сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу
2.
Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі.
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі.
сауда-саттықты тендер нысанында өткізу
3.
Ұлттық қауiпсiздiкті, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Yкiметiнің шешімі бойынша тендер жабық болуы мүмкiн.
сауда-саттықты жабық тендер нысанында өткізу
4.
Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау.
тікелей атаулы сатылым
5.
Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі.
Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.
сауда-саттықты қор биржасында өткізу
6.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша конкурсты бағасы басымдығын және (немесе) жекешелендірудің өзге де шарттарын айқындайтын тәуелсіз кеңесшілердің қатысуымен өткізу қажеттілігі.
екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс
7.
Сатушының мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына жергелікті өкілді органның бекітуіне құқықтарын куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сатудың негізгі шарттарын ұсыну қажеттілігі.
туынды бағалы қағаздарды сату

Қолданыстағы