Об утверждении Правил выделения некоммерческой организации в лице общественного фонда «Қазақстан халқына» средств в размере не менее семи процентов от чистого дохода акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил выделения некоммерческой организации в лице общественного фонда «Қазақстан халқына» средств в размере не менее семи процентов от чистого дохода акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 273
- Қабылданған күні
- 31.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2024 179357_719283.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000273
- ЭКБ идентификаторы
- 179357
- Редакция идентификаторы
- 179357_719283
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:03
0 «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде
қаражат бөлу қағидаларын бекіту туралы
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде
қаражат бөлу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры (бұдан әрі – қоғамдық қор) түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор) таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу тәртібін айқындайды.
2 2-тарау. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөлу тәртібі
2 2. Қор жеке (шоғырландырылмаған) аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қоғамдық қор үшін жыл сайын қордың таза кірісінің кемінде 7 (жеті) пайызы мөлшерінде қаражат бөледі.
3 3. Қордың қоғамдық қорға қаражат бөлуі қордың жылдық қаржылық есептілігін бекіту және таза кірісін бөлу туралы мәселелерді жыл сайын қарау шеңберінде қабылданатын қордың жалғыз акционерінің тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.
4 4. Қордың қоғамдық қорға аударатын қаражатының мөлшері қоғамдық қордың талап етілетін сома және сұралатын соманың негізділігі көрсетіліп ұсынылған жазбаша сұрау салуы негізге алына отырып айқындалады.
5 5. Қор осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген сұрау салуды алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаражатты қоғамдық қордың шотына сұрау салуда көрсетілген мөлшерде аударады.
6 6. Бөлінген қаражатты қоғамдық қор қордың жалғыз акционері қоғамдық қорға қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде талап ете алады.
Талап етілмеген қаражат көрсетілген мерзім өткеннен кейін қоғамдық қорға аударылмайды.
7 7. Қоғамдық қор қор аударған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
_____________________________