Құжат мәтініне өту

О введении запрета на вывоз отдельных видов необработанной рыбы с территории Республики Казахстан

Бұйрық · № 106 · қабылданған 30.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-179369/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О введении запрета на вывоз отдельных видов необработанной рыбы с территории Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 106 ·30.03.2023
30.03.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении запрета на вывоз отдельных видов необработанной рыбы с территории Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 106 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении запрета на вывоз отдельных видов необработанной рыбы с территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
106
Қабылданған күні
30.03.2023
Көрсетілген редакция
30.03.2023 179369_636615.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032189
ЭКБ идентификаторы
179369
Редакция идентификаторы
179369_636615
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:06

0 Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес, жаңа ауланған немесе салқындатылған балықтың жекелеген түрлерін (жайын және көксерке) (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодтары (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) 0302891070-тен, 0302720000, 0303240000, 0303891070-тен) шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін;

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету туралы;

2 2) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Репсубликасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Репсубликасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Репсубликасының
Ұлттық экономика министрлігі

0 Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 106 Бұйрығына
қосымша

СЭҚ ТН коды
Балық өнімдерінің атауы
1
0302891070
соның ішінде
Басқа да тұщы су балықтары,
жаңа ауланған немесе салқындатылған (көксерке)
2
0303891070
соның ішінде
Басқа да тұщы су балықтары,
мұздатылған (көксерке)
3
0302720000
Жаңа ауланған жайын немесе салқындатылған, кларий жайынын қоспағанда
4
0303240000
Мұздатылған жайын, кларий жайынын қоспағанда
Ескерту:
Тыйым салуды қолдану мақсаттары үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО СЭҚ ТН) сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен де, тауарлардың атауларымен де айқындалады.

Қолданыстағы