Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил создания, организации, обеспечения молодежных трудовых отрядов, а также проведения мониторинга их деятельности

Бұйрық · № 92 · қабылданған 03.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-179390/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил создания, организации, обеспечения молодежных трудовых отрядов, а также проведения мониторинга их деятельности Қолданыста Бұйрық ·№ 92 ·03.03.2023
03.03.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил создания, организации, обеспечения молодежных трудовых отрядов, а также проведения мониторинга их деятельности

Қолданыста Бұйрық ·№ 92 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил создания, организации, обеспечения молодежных трудовых отрядов, а также проведения мониторинга их деятельности
Атауы (қаз.)
Жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
92
Қабылданған күні
03.03.2023
Көрсетілген редакция
03.03.2023 179390_623414.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032024
ЭКБ идентификаторы
179390
Редакция идентификаторы
179390_623414
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:16

0 Жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

0 Жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 3 наурыздағы
№ 92 бұйрығымен
бекітілген
Жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету,
сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жастар еңбек жасақтары – уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар шеңберіндегі жастар бірлестіктері;

2 2) уақытша бос жүрген жастар – жастардың уақытша жұмыс істемейтін, білім беру ұйымдарында білім алмайтын немесе кәсіптік даярлықтан, қайта даярлаудан өтпейтін, жұмыспен қамту және білім беру саласынан тыс бөлігі.

3 3. Жастардың еңбек жасақтары жастарды, уақытша бос жүрген жастарды уақытша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

4 4. Жастар еңбек жасақтары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.

2 2-тарау. Жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу тәртібі

1 1-параграф. Жастар еңбек жасақтарын құру тәртібі

5 5. Жастар еңбек жасақтарын жастар ресурстық орталықтары жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жастардың өтінімдері негізінде ұйымдастырады.

6 6. Жастар еңбек жасақтарына қатысу үшін өтінімдерді Қазақстан Республикасының 14 (он төрт) жастан 35 (отыз бес) жасқа дейінгі азаматтары және/немесе олардың заңды өкілдері жастар ресурстық орталықтарына мынадай тәсілдердің бірімен береді:

1 1) қолма-қол;

2 2) «EL JASTARY» интернет-ресурсында көрсетілген жастар ресурстық орталығының электрондық мекенжайына жіберіледі.

7 7. Жастар еңбек жасақтарына қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

3 3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4 4) кәмелетке толмаған азаматтар үшін ата-аналарының бірінің не заңды өкілдерінің жазбаша келісімі;

5 5) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

6 6) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

7 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9 9) туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама.

8 8. Жастар ресурстық орталықтары ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және 10 (он) және одан да көп өтінім түскен кезде жастар еңбек жасақтарының құрамына енгізу үшін тізімдер қалыптастырады.

9 9. Жастар еңбек жасақтары кәмелетке толмағандар мен кәмелетке толған азаматтарды бөле отырып, бір жас қағидаты бойынша жинақталады.

10 10. Жастар ресурстық орталықтары тізімдерді жастар еңбек жасақтарының құрамына енгізу үшін жергілікті атқарушы органдарға жібереді.

11 11. Жергілікті атқарушы органдар тізімдер негізінде жастар еңбек жасақтарының құрамына енгізу үшін өз шешімімен жастар еңбек жасақтарын құрайды.

2 2-параграф. Жастар еңбек жасақтарының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету

12 12. Жастар ресурстық орталықтары жастар еңбек жасақтарының жұмысын:

1 1) жастар еңбек жасақтарының құрамына енгізу үшін тізімдер қалыптастыру;

2 2) жастар еңбек жасағының жұмысын ұйымдастыруға жауапты жастар еңбек жасағының басшысын тағайындау арқылы ұйымдастырады.

13 13. Жастар еңбек жасағының басшысы волонтерлік қызметті есепке алу тізілімінде тұрған волонтерлер қатарынан жастар ресурстық орталығы басшысының бұйрығымен тағайындалады.

14 14. Жастар еңбек жасағының басшысы жергілікті атқарушы орган бекітетін нысан бойынша жастар еңбек жасағының жұмыс жоспарын жасайды.

15 15. Жастар еңбек жасақтары өз қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:

1 1) көшелерді, скверлер мен саябақтарды абаттандыру;

2 2) аумақтарды көгалдандыру;

3 3) бос уақытты ұйымдастыру бойынша жұмыс, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу және оған қатысу;

4 4) жастардың қажеттіліктері мен мүдделері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де бағыттарды қамтиды.

16 16. Жастар еңбек жасақтарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жастар еңбек жасақтарының қатысушылары зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарға, сондай-ақ оларды орындау олардың денсаулығы мен адамгершілік дамуына зиян келтіретін жұмыстарға жіберілмейді.

17 17. Жастар еңбек жасақтары жұмысының ұзақтығы күнтізбелік айды құрайды.

Қажет болған жағдайда жастар еңбек жасақтарының жұмыс ұзақтығын жергілікті атқарушы органдар ұзартады не қысқартады.
Жастар еңбек жасақтарына қатысушылардың күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады.

18 18. Жастар еңбек жасақтары жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылады.

19 19. Жергілікті атқарушы органдар жастар еңбек жасақтарына қатысатын азаматтармен еңбек шартын жасайды.

20 20. Жастар еңбек жасақтарының қызметіне қатысатын азаматтардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және еңбек шартымен реттеледі.

3 3-параграф. Жастар еңбек жасақтары қызметінің мониторингі

21 21. Жастар еңбек жасақтары қызметінің мониторингі жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды ақпараттық қолдау мақсатында жүргізіледі.

22 22. Жастар еңбек жасақтары қызметінің мониторингін жергілікті атқарушы органдар статистикалық және талдамалық деректер кешені негізінде жастар жұмыссыздығы деңгейін төмендету нәтижелерін бақылау арқылы жүзеге асырады.

23 23. Жастар еңбек жасақтары қызметінің мониторинг нәтижелерін жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 10 қаңтардан кешіктірмей мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жолдайды.

24 24. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексінің қорытындылары туралы ақпаратты қалыптастыру кезінде жастар еңбек жасақтары қызметінің мониторингінің нәтижелерін пайдаланады.

1 Жастар еңбек жасағына қатысуға өтініш

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 3 наурыздағы
№ 92
Жастар еңбек жасақтарын
құру, ұйымдастыру,
қамтамасыз ету,
сондай-ақ олардың
қызметіне мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Жастар еңбек жасағына қатысуға өтініш
_________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты бар болса)
мені жастар еңбек жасағына қабылдауыңызды сұраймын.
Өтінішке келесі құжаттарды қосамын:
1) жеке басын куәландыратын құжат, құжаттың көшірмесі;
2) сауалнама
3) кәмелетке толмаған азаматтар үшін ата-аналарының бірінің не заңды
өкілдерінің жазбаша келісімі;
4) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
5) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
7) наркологиялық ұйымнан анықтама;
8) туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама.
___________________ ______________
күні қолы

2 Жастар еңбек жасағына қатысу үшін сауалнама

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 3 наурыздағы
№ 92
Жастар еңбек жасақтарын
құру, ұйымдастыру,
қамтамасыз ету,
сондай-ақ олардың
қызметіне мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Жастар еңбек жасағына қатысу үшін сауалнама
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)___________________________________
_________________________________________________________________.
2. Туған күні ______________________________________________________.
3. Жұмыстың кейбір түрлеріне қарсы көрсетілімдер туралы ақпарат:_______
_________________________________________________________________.
4. Жұмыс бағыттары бойынша артықшылықтар ________________________

Қолданыстағы