Об определении требований к содержанию соглашения о совместном решении вопросов местного значения на территории агломерации
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении требований к содержанию соглашения о совместном решении вопросов местного значения на территории агломерации
- Атауы (қаз.)
- Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 30.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2023 179396_636617.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032204
- ЭКБ идентификаторы
- 179396
- Редакция идентификаторы
- 179396_636617
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:05
0 Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау туралы
«Агломерацияларды дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптар айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушысының
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 39 бұйрығына
қосымша
Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптар
Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісім:
1) жергілікті агломерация кеңесінің 20 адамнан аспайтын сандық құрамын;
2) жергілікті агломерация кеңесін қалыптастыру тәртібін, оның ішінде құрамына кандидатураларды іріктеу мәселелерін қамтиды.
Жергілікті агломерация кеңесінің құрамы «Агломерацияларды дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілетін жергілікті агломерация кеңесі туралы ережеге сәйкес қалыптастырылады;
3) жергілікті агломерация кеңесінің отырысын өткізу тәртібін, оның ішінде оның кезеңділігін қамтиды.
Бұл ретте жергілікті агломерация кеңесінің отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.