Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня видов обеспеченных цифровых активов, признаваемых на территории Республики Казахстан

Бұйрық · № 124/НҚ · қабылданған 31.03.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-179505/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Перечня видов обеспеченных цифровых активов, признаваемых на территории Республики Казахстан Күшін жойған 30.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Перечня видов обеспеченных цифровых активов, признаваемых на территории Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық № 124/НҚ 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня видов обеспеченных цифровых активов, признаваемых на территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
124/НҚ
Қабылданған күні
31.03.2023
Көрсетілген редакция
30.04.2026 179505_821382.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032245
ЭКБ идентификаторы
179505
Редакция идентификаторы
179505_821382
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:04
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің м.а.
2023 жылғы 31 наурыздағы
№ 124/НҚ Бұйрықпен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық активтер түрлерінің тізбесі

1. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада шығарылатын, қамтамасыз етілген цифрлық активтің жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) негізделген материалдық, зияткерлік қызметтер мен активтерге куәландырылған құқығы бар, қамтамасыз етілген цифрлық актив.

2. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформада шығарылатын, қамтамасыз етілген цифрлық активтің өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер туындыларына, зияткерлік қызметтің өзге де нәтижелеріне меншікке және (немесе) зияткерлік меншік құқығына құқығын растауға ие, қамтамасыз етілген цифрлық актив.