Об утверждении Правил выдачи и формы свидетельства о страховании или ином финансовом обеспечении ответственности за удаление затонувших судов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил выдачи и формы свидетельства о страховании или ином финансовом обеспечении ответственности за удаление затонувших судов
- Атауы (қаз.)
- Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 187
- Қабылданған күні
- 28.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2025 179515_763268.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032248
- ЭКБ идентификаторы
- 179515
- Редакция идентификаторы
- 179515_763268
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:08
0 Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Индустрия инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 28 наурыздағы
№ 187 бұйрығына
1-қосымша
Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-45) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңы) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Суға батқан кемелерді аластағаны үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) кеме – сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздігінен жүзетін немесе өздігінен жүзбейтін жүзбелі құрылыс;
2 2) кеме иесі – кеменің меншік иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негізде пайдаланатынына қарамастан, кемені өз атынан пайдаланатын тұлға;
3
3) кеменің меншік иесі – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген) Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға.
4 4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті.
2 2-тарау. Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру тәртібі
3
3. Суға батқан кемелерді аластағаны үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік (бұдан әрі – Куәлік) 2007 жылғы Суға батып кеткен кемелерді жою туралы Найроби халықаралық конвенциясының талаптарына сәйкес 300 және одан жоғары тіркелген тонна жалпы сыйымдылығы бар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзетін кемелерге беріледі.
4 4. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Куәлікті алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кеңсе арқылы Порттың теңіз әкімшілігіне Куәлік беруге өтініш жібереді.
«Суға батқан кемелерді аластағаны үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі).
5 5. Порттың теңіз әкімшілігі құжаттарды қараудың, куәландырудың және Куәлік берудің жалпы мерзімі құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
6 6. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды 1 (бір) күн ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Құжаттар сәйкес болған кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында баяндалған негіздер болған кезде Куәлікті қалыптастырады, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
7 7. Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
8 8. Куәлік қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалынады және сақтандыру полисінің немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету құжатының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
9 9. Куәліктің қолданылуы мынадай:
1 1) Куәліктің қолданылу мерзiмi өткен;
2 2) кеменiң жалпы сыйымдылығы өзгерген;
3 3) сақтандыру туралы полистің немесе өзге қаржылық қамтамасыз етудің болуы туралы құжаттың күшін жойған жағдайларда тоқтатылады.
10
10. Кеме иесі немесе кеменің меншік иесі Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда Порттың теңіз әкімшілігі кеме иесінің немесе кеменің меншік иесінің еркін нысанда жасалған Куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініші бойынша оған көрсетілген Куәліктің телнұсқасын өтінішті алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде береді.
3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11 11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған орган әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оның әкімшілік ісін шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі шағымданудан кейін жүзеге асырылады.
Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам болмаған жағдайда, әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) сотқа шағым жасалуы мүмкін, бұл туралы әкімшілік іс бойынша шешім қабылдау кезінде әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган әкімшілік рәсім қатысушысына хабар береді.
1.1 Суға батқан кемелерді
аластағаны үшін жауапкершілікті
сақтандыру немесе өзге де
қаржылық қамтамасыз ету
туралы куәлікті беру қағидаларына
1-қосымша
1 1. Кеменің атауы ______________________________________________
2 2. Халықаралық теңіз ұйымы берген кеменің сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________________
3 3. Шақыру сигналы _______________________________________________
4 4. Тіркелген порты ________________________________________________
5 5. Жалпы сыйымдылық____________________________________________-
6 6. Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Бербоут-чартерлік тізілімінде тіркеу нөмірі ____________________________________
7 7. Кемені пайдаланушының (жалға алушының) атауы____________________
7 7. Кемені пайдаланушының (жалға алушының) мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы_________________________________________________
8 8. Кеменің меншік иесінің атауы __________________________________
9 9. Кеменің меншік иесінің мекенжайы, телефоны және электрондық поштасы ___________________________________________
10 10. Қамтамасыз ету түрi_________________________________________
11 11. Қамтамасыз етудiң қолданылатын мерзiмi______________________
12 12. Сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе қаржымен қамтамасыз етудi ұсынған тұлғаның (тұлғалардың) атауы___________________________________________________________
13 13. Сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе қаржымен қамтамасыз етудi ұсынған тұлғаның (тұлғалардың) мекенжайы__________________________________________________________
____________________________________________________
10 10. Көрсетілетін қызметті алушының қолы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________________________________________________________________ Күні ________________
1.2 Суға батқан кемелерді аластағаны
үшін жауапкершілікті сақтандыру
немесе өзге де қаржылық
қамтамасыз ету туралы
куәлікті беру қағидаларына
2-қосымша
1
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
Суға батқан кемелерді аластағаны үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті беру
2
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Порттың теңіз әкімшілігі
3
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілдері (қолжетімділік арналары)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады
4
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
3 (үш) жұмыс күні
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
қағаз
6
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі
Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесінің нысаны: қағаз.
7
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
8
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
Көрсетілетін қызметті беруші –Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 9.00-ден 18.30-ға дейін белгіленген кестеге сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін
9
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кеңсе арқылы көрсетілетін қызметті алушының тірі қолы және оның мөрімен (бар болса) қол қойылған құжаттың сканерленген көшірмесі нысанында не көрсетілетін қызметті алушының тірі қолымен және оның мөрімен (бар болса) қол қойылған қағаз құжат нысанында берілген өтініш;
2) сақтандыру туралы полистің немесе өзге қаржылық қамтамасыз етудің, оның ішінде банктің немесе осыған ұқсас мекеменің кепілдігінің болуы туралы құжаттың сканерленген көшірмесі.
10
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері
1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, обьектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
11
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
Байланыс телефон нөмірлері: көрсетілетін қызметті беруші: +77292290974;
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +77172906984.
2 Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
2023 жылғы 28 наурыздағы
№ 187 бұйрығына
2-қосымша
Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік
Свидетельство о страховании или ином финансовом обеспечении ответственности за удаление затонувших судов
Certificate on insurance or other financial security in respect of liability
for the removal of wrecks
Кеменің атауы/
Название судна/
Name of ship
Жалпы сыйымдылығы/
Валовая вместимость/
Gross tonnage
Шақыру сигналы/
Позывной сигнал/
Distinctive number or letters
Кеменің IМО берген танып айыру нөмірі/
Опознавательный номер судна, присвоенный IМО/
IMO Ship identification number
Тіркеу порты/
Порт регистрации/
Port of registry
Тіргелген меншік иесінің негізгі коммерциялық кәсіпорнының атауы және толық мекенжайы/
Наименование и полный адрес основного коммерческого предприятия зарегистрированного собственника/
Name and full address of the principal place of business of the registered owner
Осы арқылы жоғарыда аталған кеменің Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясының 12-бабының талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру полисі немесе өзгеше қаржылық қамтамасыз етуі бар екені куәландырылады.
Настоящим удостоверяется, что названное выше судно имеет страховой полис или иное финансовое обеспечение, удовлетворяющие требованиям статьи 12 Найробийской международной конвенции об удалении затонувших судов 2007 года.
This is to certify that there is in force, in respect of the above-named ship, a policy of insurance or other financial security satisfying the requirements of article 12 of the Nairobi international convention on the removal of wrecks, 2007.
Қамтамасыз ету түрі/ Вид обеспечения/ Type of security ______________
__________________________________________________________________
Қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі/ Срок действия обеспечения/ Duration of security ___________________________________________________
Сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе кепілдің (кепілдердің) атауы және мекен-жайы: Наименование и адрес страховщика (страховщиков) и/или гаранта (гарантов)/ Name and address of the insurer(s) and/or guarantor(s):
Атауы/ Наименование/ Name _____________________________________
__________________________________________________________________
Мекенжайы/ Адрес/ Address _______________________________________
__________________________________________________________________
Осы куәлік мына күнге дейін жарамды/ Настоящее свидетельство действительно до/ This certificate is valid until_____________________________________________
Осы куәлікті Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілеттік беруі
бойынша ___________________________________________________________
куәлік берген мекеменің толық атауы
______________________________________________________________ берді
Настоящее свидетельство выдано по уполномочию Правительства
Республики Казахстан _______________________________________________
полное наименование организации, выдавшей свидетельство
______________________________________________________________________________
The present certificate is issued under the authority of the Government of the
Republic of Kazakhstan _____________________________________________
full name of organization issued the certificate
________________________________________________________________________________
___________________________________ _______________________
Орны/ Место/ Place Күні/ Дата/ Date
______________________________________
Куәлікті берген немесе куәландырылған
ресми адамның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), қолы және
лауазымы/ Фамилия, имя, отчество (при
его наличии), подпись и должность
официального лица, выдающего или
удостоверяющего свидетельство/ Full
name, signature and title of issuing or
certifying official
Ескертпе/ Примечания/ Explanatory notes:
1 1. Егер қамтамасыз етудің жалпы сомасы бірнеше көзден ұсынылған қамтамасыз етуден тұрса, олардың әрқайсысының сомасын көрсету керек.
Если общая сумма обеспечения состоит из обеспечений, предоставленных из нескольких источников, следует указывать сумму каждого из них.
If the total amount of security has been furnished by more than one source, the amount of each of them should be indicated.
2 2. Егер ұсынылған қамтамасыз ету біркелкі болмаса, оларды атап көрсету керек.
Если предоставляемые обеспечения неоднородны, их необходимо перечислить.
If security is furnished in several forms, these should be enumerated.
3 3. «Қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі» жазбасы осы қамтамасыз ету күшіне енетін күнді қамтиды.
Запись «Срок действия обеспечения» содержит дату, в которую это обеспечение вступает в силу.
The entry «Duration of security» stipulates the date on which such security takes effect.
4
4. Сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе кепілдің (кепілдердің) «Мекенжайы» жазбасында сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе кепілдің (кепілдердің) негізгі коммерциялық кәсіпорнының орналасқан жері көрсетіледі. Тиісті жағдайларда сақтандыруды жүзеге асырған немесе басқа қамтамасыз етуді ұсынған кәсіпорынның орналасқан жері көрсетіледі.
В записи «Адрес» страховщика (страховщиков) и/или гаранта (гарантов) указывается местонахождение основного коммерческого предприятия страховщика (страховщиков) и/или гаранта (гарантов). В соответствующих случаях указывается местонахождение предприятия, которое осуществило страхование или предоставило другое обеспечение.
The entry «Address» of the insurer(s) and/or guarantor(s) indicates the principal place of business of the insurer(s) and/or guarantor(s). If appropriate, the place of business where insurance or other security is established is indicated.