Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев всеобъемлющего контроля

Бұйрық · № 212 · қабылданған 05.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-179537/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Критериев всеобъемлющего контроля Қолданыста Бұйрық ·№ 212 ·05.04.2023
05.04.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев всеобъемлющего контроля

Қолданыста Бұйрық ·№ 212 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев всеобъемлющего контроля
Атауы (қаз.)
Бәрін қамтитын бақылау өлшемшарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
212
Қабылданған күні
05.04.2023
Көрсетілген редакция
05.04.2023 179537_636625.kaz
Соңғы өзгеріс
05.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032255
ЭКБ идентификаторы
179537
Редакция идентификаторы
179537_636625
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:00

0 Бәрін қамтитын бақылау өлшемшарттарын бекіту туралы

«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған бәрін қамтитын бақылау өлшемшарттары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

0 Бәрін қамтитын бақылау өлшемшарттары

Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
міндетін атқарушының
2023 жылғы 5 сәуірдегі
№ 212 бұйрығымен
бекітілген
Бәрін қамтитын бақылау өлшемшарттары

1

1. Осы Бәрін қамтитын бақылау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыратын, бақылау тізіміне енгізілмеген тауарлармен немесе көрсетілетін қызметтермен эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жүргізетін кешенді бақылау өлшемшарттарын айқындайды.

2 2. Осы Өлшемшарттарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бәрін қамтитын бақылау – өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізіміне кірмейтін тауарларды бақылау;

2 2) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімі – осы Заңға сәйкес бақылауға жататын өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың тізбесі.

3

3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары бақылау тізіміне енгізілмеген тауарлармен немесе көрсетілетін қызметтермен экспортты, кері экспортты, импортты, транзитті жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде бәрін қамтитын келесі бақылау өлшемшарттарын басшылыққа алады:

1 1) импорттаушының және (немесе) түпкілікті пайдаланушының тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін нарықтық бағадан жоғары баға бойынша ақы төлеуді жүзеге асыру ниетінің болуы;

2 2) тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қолма-қол төлем ақы төлеуді жүзеге асыру;

3 3) импорттаушының түпкілікті пайдаланушы және тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді пайдалану мақсаттары бойынша ақпарат беруден бас тартуы;

4 4) тауарларды пайдаланудың мәлімделген мақсаты мұндай тауарларды пайдалану мақсатына сәйкес келмесе;

5 5) тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді түпкілікті пайдалану жөніндегі ақпараттың құпиялылығы туралы талаптың болуы;

6 6) кедендік бақылаудың кедендік шекаралар арқылы өтуіне кедергі келтіретін немесе қиындататын тауарларды буып-түюге және таңбалауға қойылатын талаптардың болуы;

7 7) тауарды межелі пунктке дейін жеткізудің ұтымсыз тәсілі немесе бағыты;

8 8) тауарды жеткізу тұрақсыз әскери-саяси ахуалы бар елге жүзеге асырылады.

4

4. Осы Өлшемшарттардың 3-тармағында көрсетілген өлшемшарттардың бірі болуы, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыратын, бақылау тізіміне енгізілмеген тауарлармен немесе көрсетілетін қызметтермен эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының әрекеттерінің нәтижелері және (немесе) тауарлары жаппай жою қаруын және (немесе) оны жеткізу құралдарын, қару-жарақ пен әскери техниканы жасау үшін не терроризм актілерін дайындау және (немесе) жасау мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауға негіз болады.

Қолданыстағы