Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 539 · қабылданған 31.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-179550/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 539 ·31.03.2023
31.03.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 539 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
539
Қабылданған күні
31.03.2023
Көрсетілген редакция
31.03.2023 179550_624830.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NA00539A
ЭКБ идентификаторы
179550
Редакция идентификаторы
179550_624830
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:04

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 118, № 119, № 120 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қостанай қаласындағы Притобол саябағында жарықтандыру, бейнебақылау, дыбыстау және суару желілерін салу және қаланың Солтүстік-батыс бөлігінен Қостанай қаласының Халықаралық әуежайына кірме жолды қайта жаңарту үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Әкімдіктің
2023 жылғы 31 наурыздағы
№ 539 қаулысына
қосымша
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

1 1) Қостанай қаласы, Притобол саябағы мекенжайы бойынша Қостанай қаласындағы Притобол саябағында жарықтандыру, бейнебақылау, дыбыстау және суару желілерін салу, жалпы алаңы 0,6578 гектар;

2 2) Қостанай қаласы мекенжайы бойынша қаланың Солтүстік-батыс бөлігінен Қостанай қаласының Халықаралық әуежайына кірме жолды қайта жаңарту, жалпы алаңы 1,6397 гектар;

3 3) Қостанай қаласы, Притобол саябағы мекенжайы бойынша Қостанай қаласындағы Притобол саябағында жарықтандыру, бейнебақылау, дыбыстау және суару желілерін салу, жалпы алаңы 0,1285 гектар.

Қолданыстағы