Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 540 · қабылданған 31.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-179551/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 540 ·31.03.2023
31.03.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 540 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
540
Қабылданған күні
31.03.2023
Көрсетілген редакция
31.03.2023 179551_624794.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NA00540A
ЭКБ идентификаторы
179551
Редакция идентификаторы
179551_624794
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:04

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 135, № 136, № 137, № 138 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес «КТЭК» МКК инженерлік желілеріне қызмет көрсету үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

7 «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Әкімдіктің
2023 жылғы 31 наурыздағы
№ 540 қаулысына
қосымша
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

1 1) Қостанай қаласы, 12.06. ЖК-дан 12.18а ЖК-ға дейін ТМ-12 жылу магистралі мекенжайы бойынша «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнының инженерлік желілеріне қызмет көрсету үшін, жалпы алаңы 0,4482 гектар;

2 2) Қостанай қаласы, 12.18а ЖК-дан Уральская көшесіндегі 23а ғимаратқа дәнекерлеуге дейін ТМ-12 жылу магистралі мекенжайы бойынша «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнының инженерлік желілеріне қызмет көрсету үшін, жалпы алаңы 0,3186 гектар;

3 3) Қостанай қаласы, 12.06 ЖК жанында тән нүктесінен 12.06 ЖК-ға дейін ТМ-12 жылу магистралі мекенжайы бойынша «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнының инженерлік желілеріне қызмет көрсету үшін, жалпы алаңы 0,2893 гектар;

4

4) Қостанай қаласы, КР-2-ден 20.03 жылу камерасына дейін ТМ-20 жылу магистралі (Лиза Чайкина тұйық көшесі (қазандық) - Қобыланды батыр даңғылы, 46 «А» ғимаратының ауданы) мекенжайы бойынша «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнының инженерлік желілеріне қызмет көрсету үшін, жалпы алаңы 0,2651 гектар.

Қолданыстағы