Об установлении зон санитарной охраны источников питьевого водоснабжения города Шымкент
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении зон санитарной охраны источников питьевого водоснабжения города Шымкент
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласының ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 798
- Қабылданған күні
- 07.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2023 179559_624010.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23E0017217
- ЭКБ идентификаторы
- 179559
- Редакция идентификаторы
- 179559_624010
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:57
0 Шымкент қаласының ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шымкент қаласының ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
Және қорғау жөніндегі
Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасының Денсаулық
Сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Шымкент қаласының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
7 Шымкент қаласының ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтары
Шымкент қаласы
әкімдігінің 2023 жылғы 7
сәуірдегі № 798
қаулысына қосымша
Шымкент қаласының ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтары
№
Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарының атауы
Санитарлық қорғау аймақтарының өлшемдері
I белдеуі
II белдеуі
III белдеуі
Шекаралары
Ауданы
Шекаралары
Ауданы
Шекаралары
Ауданы
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Бадам-Сайрам кен орнының Бас су қабылдағышы 25 су тарту ұңғымалары №№1, 1а, 2, 3, 4, 5, 6/1, 6/3, 6/4, 7/3, 7/4, 8/3, 8/4, 9, 10, 11, 12, 12а, 13, 13а, 14, 14/1, 14/2, 15, 16
Тұрақты емес пішіндегі 3 учаске:
Максималды ұзындығы - 0,42км, максималды ені-0,27км
Әр ұңғыманың айналасында 30м радиуста.
10,6 га
Ұзындығы – 1,52 км,
ені – 3,275 км
498 га
Сайрамсу және Бадам өзендерінің аңғарлары су жинау ағысынан жоғары.
6 859 га
2
Тассай-Ақсу кен орнының Тассай-1 су қабылдағышы 12 су тарту ұңғымалары №№1, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14
7 ұңғыма учаскесі.
Әр ұңғыманың айналасында 15 м радиуста.
0,864 га
Ұзындығы – 2,5 км,
ені - 2,1 км.
536 га
Су тоғанынан Сайрам су өзеніне дейінгі Безымянный алқап және Сайрам тұрғын алабы ағысынан жоғары Сайрам өзенінің алқабы
5 299 га
3
Тассай-Ақсу кен орнының Тассай-2 су қабылдағышы 17 су тарту ұңғымалары №№15, 16, 16а, 17, 18, 18а, 19, 19а, 20, 21, 21а, 22, 22а, 23, 24, 25, 26
6 ұңғыма учаскесі.
Әр ұңғыманың айналасында 50 м радиуста.
7,475 га
Ұзындығы – 3,3 км,
ені - 1,9 км
620 га
Тассай алқабы бас тоғаннан Сайрам су өзеніне дейін және Шапрашты тұрғын алабының ағысымен жоғары Сайрамсу өзенінің алқабы
4 148 га
18,939 га
1 654 га
11 834 га