О введении запрета на ввоз пшеницы на территорию Республики Казахстан автомобильным транспортом
Қолданыста
Бұйрық
·№ 132
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О введении запрета на ввоз пшеницы на территорию Республики Казахстан автомобильным транспортом
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 132
- Қабылданған күні
- 10.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2023 179587_630886.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032273
- ЭКБ идентификаторы
- 179587
- Редакция идентификаторы
- 179587_630886
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:56
0 Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-Қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бидай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 100119; 100199) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3 Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі