Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые акты Президента Республики Казахстан

Жарлық · № 190 · қабылданған 10.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-179590/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые акты Президента Республики Казахстан Қолданыста Жарлық ·№ 190 ·10.04.2023
10.04.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые акты Президента Республики Казахстан

Қолданыста Жарлық ·№ 190 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые акты Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
190
Қабылданған күні
10.04.2023
Көрсетілген редакция
10.04.2023 179590_624259.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2300000190
ЭКБ идентификаторы
179590
Редакция идентификаторы
179590_624259
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:56

0 Қазақстан Республикасының

Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 10 сәуірдегі
№ 190 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамында:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының хатшысы» деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының төрағасы».

2 2. «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентінде:
бүкіл мәтін бойынша «мәслихат хатшысы», «мәслихат хатшысының», «Мәслихат хатшысы», «мәслихат хатшысына», «мәслихаттарының хатшылары», «Мәслихаттың хатшысы», «мәслихаттың хатшысы», «Мәслихат хатшысының», «мәслихат хатшысын», «мәслихатының хатшысы», «жаңа хатшыны», «мәслихаты хатшысының», «Мәслихат хатшысын» деген сөздер тиісінше «мәслихат төрағасы», «мәслихат төрағасының», «Мәслихат төрағасы», «мәслихат төрағасына», «мәслихаттарының төрағалары», «Мәслихаттың төрағасы», «мәслихаттың төрағасы», «Мәслихат төрағасының», «мәслихат төрағасын», «мәслихатының төрағасы», «жаңа төрағаны», «мәслихаты төрағасының», «Мәслихат төрағасын» деген сөздермен ауыстырылсын.

3 3. «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 639 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үрдістері мен пайымы» деген 4-бөлімде:
«Барлық деңгейдегі мәслихаттар жұмысының тиімділігін арттыру» деген кіші бөлімде:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәслихаттардың депутаттары мен төрағаларының құқықтық мәртебесі жиындар мен Кеңестің отырыстарына қатысу, мәслихат сессиясында азаматтардың қоғамдық маңызы бар жолданымдарын жария ету, мәслихаттардың құрылатын тұрақты және уақытша комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну, мәслихатқа заңнамалық актілердің орындалуын тексеру қажеттігі туралы ұсыныстар енгізу сияқты қосымша өкілеттіктер беру арқылы арттырылатын болады.»;
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
реттік нөмірлері 2 және 6-жолдарды қоспағанда, бүкіл мәтін бойынша «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5.5-жолдағы «БҒМ» деген аббревиатурасы «ОАМ» және «ҒЖБМ» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
«Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«ҒЖБМ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
ЖАП

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
ИИДМ

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ОАМ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі».

4

4. «Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларында:
бүкіл мәтін бойынша «мәслихатының хатшысына», «мәслихатының хатшысы», «мәслихаты хатшысының», «мәслихат хатшысы», «Мәслихат хатшысы» деген сөздер тиісінше «мәслихатының төрағасына», «мәслихатының төрағасы», «мәслихаты төрағасының», «мәслихат төрағасы», «Мәслихат төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысына облыс және тиісті облыстың аудандары (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының депутаттары қатысады. Жиналысты облыс мәслихатының төрағасы басқарады.
Республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаты депутаттарының жиналысына тиісті мәслихаттардың депутаттары қатысады. Жиналысты тиісті мәслихаттың төрағасы басқарады.
Егер жиналысқа облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаты депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, оның құқықтық күші болады. Әрбір жиналыстың алдында қатысатын депутаттарды тіркеу жүргізіледі, оның нәтижелерін мәслихат төрағасы отырыс басталар алдында жариялайды.».
____________________________

Қолданыстағы