Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 4 · қабылданған 07.04.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-179646/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 4 ·07.04.2023
06.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс–шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4
Қабылданған күні
07.04.2023
Көрсетілген редакция
06.10.2023 179646_659501.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NQ00004B
ЭКБ идентификаторы
179646
Редакция идентификаторы
179646_659501
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:59

0 Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 04 сәуірдегі № 01-20/111 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

1 1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінде Ю.К. Дьяченко гурт жаю аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша қолайсыз пункт болып жариялануына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сарыкөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

3 3. «Сарыкөл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кеәін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Қостанай
облысы санитариялық -
эпидемиологиялық бақылау
департаментінің Сарыкөл аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекеме басшысы
___________________ С. Ибраева
2023 жылғы «____» ______________
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң
Сарыкөл аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік
мекемесі басшысы
_________________ А. Молдахметова
2023 жылғы «____» _____________

Қолданыстағы