Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 303 · қабылданған 13.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-179781/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 303 ·13.04.2023
13.04.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 303 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
303
Қабылданған күні
13.04.2023
Көрсетілген редакция
13.04.2023 179781_625443.kaz
Соңғы өзгеріс
13.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000303
ЭКБ идентификаторы
179781
Редакция идентификаторы
179781_625443
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:52

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1351 қаулысында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері (ішкі істер департаменттері) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметтің лицензиары болып айқындалсын.».

2 2. «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1352 қаулысында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері (ішкі істер департаменттері) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі қызметтің лицензиары болып айқындалсын.».

3 3. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 47 қаулысында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттері (ішкі істер департаменттері), қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, желілік полиция органдары (ішкі істер органдары) осы қаулыға қосымшаға сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар болып айқындалсын.».
___________________________

Қолданыстағы