Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения политическим государственным служащим Судебной администрации Республики Казахстан и его описания
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения политическим государственным служащим Судебной администрации Республики Казахстан и его описания
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 19
- Қабылданған күні
- 17.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2023 179874_625818.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032329
- ЭКБ идентификаторы
- 179874
- Редакция идентификаторы
- 179874_625818
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:47
0 Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің
мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидасын
және оның сипаттамасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса тіркеліп отырған:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидасы;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілеріне берілетін қызметтік куәліктің сипаттамасы бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің меңгерушісіне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидасы
Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігінің басшысы
2023 жылғы 17 сәуірдегі
№ 19 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің
Мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидасы
10 1 – тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Мемлекеттік саяси қызметшілерге қызметтік куәлік беру қағидалары және оның сипаттамасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік саяси қызметшілерге қызметтік куәлік беру тәртібін және оның сипаттамасын белгілейді.
1 1. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшісінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі - қызметтік куәлік) олардың мемлекеттік лауазымын және лауазымдық өкілеттігін растайтын құжат болып табылады.
2 2. Тиісінше рәсімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.
3 3. Қызметтік куәлік осы бұйрықпен бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді.
15 2 – тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі
4 4. Қызметтік куәлік Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының орынбасарларына - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының қолы қойылып беріледі.
6 6. Қызметтік куәлік лауазымға тағайындалған, лауазымы ауыстырған, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ауысқан, жоғалтқан сондай-ақ бүлдірілген (тозған) кезінде бұрын берілген қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін беріледі.
Қызметтік куәлік төрт жыл мерзімге беріледі.
7 7. Қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік саяси қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде оны пайдалану және сақтау тәртібі туралы ауызша түсіндірме жүргізеді.
8 8. Қызметтік куәлік мемлекеттік саяси қызметкерге қол қоюмен беріледі.
9 9. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген жағдайларда куәлікті ауыстыру жағдайында бұрын берілген қызметтік куәлік қайтарып алынады.
10 10. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, жұмыстан босатылған, лауазымы ауысқан кезде мемлекеттік саяси қызметшілер тиісті актінің шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде куәлікті оны алған жері бойынша тапсырады.
11
11. Қызметтік куәліктерді беруді және қайтаруды есепке алуды Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі (бұдан әрі - Персоналды басқару қызметі) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысанда Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді және қайтаруды есепке алу журналында жүзеге асырады.
12 12. Қызметтік куәлікті беруді және оның қайтарылуын есепке алу журналы Персоналды басқару қызметі бөлімінің арнайы шкафында (сейф) сақталады.
13 13. Қызметтік куәліктерді есептен шығаруды және жоюды Персоналды басқару қызметінің жауапты қызметкері осы қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік куәліктерді есептен шығару және жою туралы актіні жасай отырып жүргізеді.
14 14. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда оның иесі үш жұмыс күн ішінде Персоналды басқару қызметіне жазбаша түрде хабарлайды.
1.1 Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілерге қызметтік куәлікті беруді және оның қайтарылуын тіркеу журналы
Қызметтік куәлік беру
қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің
мемлекеттік саяси қызметшілерге қызметтік куәлікті беруді және оның қайтарылуын тіркеу журналы
Куәлік
№
Фото
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Берілген күні
Алғаны/ қайтарғаны
туралы қолы
Қайтарылған күні
Жойылған күні
Ескертпе: қызметтік куәліктерді беруді, қайтаруды есепке алу журналы тігіліп, нөмірленеді және мөрмен расталады.
1.2 Қызметтік куәліктерді есептен шығару және жою АКТСІ
Қызметтік куәлік
беру қағидаларына
2-қосымша
Қызметтік куәліктерді есептен шығару және жою
АКТСІ
______________ __________№___________
жасалған жері күні
Біз, төменде қол қоюшылар, (3 қызметкерден кем емес, тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), лауазымын көрсету қажет) Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидасының 10-тармағы негізінде тізімге сәйкес жұмыстан босатуға, басқа лауазымға ауыстыруға байланысты: _______ қызметтік куәлігін есептен шығаруға және жоюға жиналған сипаттаманы зерделей отырып:
Оларды есептен шығару және жою туралы осы актіні жасадық
Лауазымының атауы
қолы
Лауазымының атауы
қолы
Лауазымының атауы
қолы
2 Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы
Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігінің басшысы
2023 жылғы 17 сәуірдегі
№ 19 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің
қызметтік куәлігінің сипаттамасы