Об утверждении основных условий бюджетного кредитования акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении основных условий бюджетного кредитования акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
- Атауы (қаз.)
- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 314
- Қабылданған күні
- 20.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2023 180003_630090.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000314
- ЭКБ идентификаторы
- 180003
- Редакция идентификаторы
- 180003_630090
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:44
0 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына
бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды;
2 2) бюджеттік кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;
3 3) бюджеттік кредитті мақсатты және тиімді пайдалануды, уақтылы өтеуді және оған қызмет көрсетуді бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
3 3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісу бойынша) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне бюджеттік кредитті игеруі туралы ақпаратты ұсынсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік
қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары
1 1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1
1) бюджеттік кредит «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 050 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 162 600 000 000 (жүз алпыс екі миллиард алты жүз миллион) теңге сомасында беріледі;
2 2) бюджеттік кредит қарыз алушыға жылдық 0,05 %-ға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша 30 (отыз) жыл мерзімге мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында теңгемен беріледі;
3 3) республикалық бюджеттен бюджеттік кредитті бөлу бюджеттік кредиттің барлық сомасын қарыз алушының шотына біржолғы аудару арқылы жүзеге асырылады;
4 4) игеру кезеңі бюджеттік кредит қарыз алушының шотына аударылған күннен бастап 1 (бір) жылды құрайды;
5 5) бюджеттік кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 1 (бір) рет жүзеге асырылады;
6 6) бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 10 (он) жылды құрайтын жеңілдікті кезең өткеннен кейін тең үлестермен жүзеге асырады.
2 2. Бюджеттік кредитті беру, өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шарттарда белгіленеді.
_____________________________