Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Шымкент
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Шымкент
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/16-VIII
- Қабылданған күні
- 03.04.2023
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2023 180010_625637.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23E0017517
- ЭКБ идентификаторы
- 180010
- Редакция идентификаторы
- 180010_625637
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:02
0 Шымкент қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Шымкент қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. «Шымкент қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 маусымдағы № 17/156-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4162 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім 2023 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді.
7 Шымкент қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер
Шымкент қаласы мәслихатының
2023 жылғы 3 сәуірдегі
№ 2/16-VIII
шешіміне қосымша
Шымкент қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер
Атауы
Есептік бірлік
Теңге
Жайлы үйлер
1 тұрғыннан айына
378
Жайлы емес үйлер
1 тұрғыннан айына
413
Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф
1 текше метр (м3)
2389