О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 227-VII
- Қабылданған күні
- 20.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2023 180055_637222.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z2300000227
- ЭКБ идентификаторы
- 180055
- Редакция идентификаторы
- 180055_637222
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:43
0 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ескертпе!
ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 8 нормативтік қаулысын қараңыз.
1 1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 62-баптың екінші бөлігінде «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы,» деген сөздер «зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында, Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 2) 64-бапта:
бірінші бөліктегі «73, 73-1, 73-2» деген цифрлар «73-1 (бірінші бөлігінде), 73-2 (бірінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-бөлігі:
«73-1» деген цифрлардан кейін «(1-1-бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
«73-2» деген цифрлардан кейін «(1-1-бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы бөліктің ережелері осы Кодекстің 73-бабы, 73-1-бабының 1-1-бөлігі және 73-2-бабының 1-1-бөлігі бойынша тараптардың татуласуына байланысты бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылықтан босатылған адамдарға қолданылмайды.»;
3 3) 73-бапта:
бірінші бөліктегі «бес тәулiкке дейiнгi мерзімге» деген сөздер «бес тәулікке» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «он тәулiкке дейiнгі мерзімге» деген сөздер «он тәулікке» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 4) 73-1-бапта:
1-1-бөліктегі «он бес тәулікке дейінгі мерзімге» деген сөздер «он бес тәулікке» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «жиырма тәулікке дейінгі мерзімге» деген сөздер «жиырма бес тәулікке» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 5) 73-2-бапта:
1-1-бөліктегі «он тәулікке дейінгі мерзімге» деген сөздер «он тәулікке» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «он бес тәулікке дейінгі мерзімге» деген сөздер «жиырма тәулікке» деген сөзбен ауыстырылсын;
6 6) 84-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі «арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7 7) 91-баптың тақырыбындағы, бірінші, бесінші, алтыншы, сегізінші және оныншы бөліктеріндегі «зейнетақымен қамсыздандыру туралы» деген сөздер «зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8 8) 92-баптың тақырыбындағы және бүкіл мәтіні бойынша «міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» деген сөздер «міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9 9) 98-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі «жұмыспен қамту туралы» деген сөздер «жұмыспен қамту саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10 10) 461-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«461-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу
1. Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу –
он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
11 11) 669-бапта:
екінші бөліктегі «бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға» деген сөздер «он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «он тәулікке дейінгі мерзімге» деген сөздер «жиырма тәулікке» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «үшінші бөлігіне» деген сөздер «екінші және үшінші бөліктеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;