Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки в городе Косшы Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки в городе Косшы Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысының Қосшы қаласындағы бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8С-2-6
- Қабылданған күні
- 11.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2023 180093_626262.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23B0854003
- ЭКБ идентификаторы
- 180093
- Редакция идентификаторы
- 180093_626262
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:55
0 Ақмола облысының Қосшы қаласындағы бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 11-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Ақмола облысының Қосшы қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ақмола облысының Қосшы қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Ақмола облыстық мәслихатының
2023 жылғы 11 сәуірдегі
№ 8С-2-6 шешіміне
қосымша
Ақмола облысының Қосшы қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
№
Аймақтың Нөмірі
Бағалау аймақтарының шекаралары
Түзету коэффициенттері
1
I
I-1. Аймаққа Лесная поляна шағын ауданның аумағы және қалалық әкімдіктің аумағы кіреді.
I-2. Аймақ Баубек батыр және Айтмағамбет Есмагамбетұлы көшелерінің қиылысынан, Баубек батыр және Республика көшелерінің қиылысына дейін, одан кейін Республика және Абай көшелерінің қиылысына дейін, одан кейін Абай және Айтмағамбет Есмағамбетұлы көшелерінің қиылысына дейін басталады.
1,5
2
II
Аймақ Республика және Астана көшелерінің қиылысынан, Астана және Сүйінбай көшелерінің қиылысына дейін, одан кейін Сүйінбай көшесі бойынша Тұран көшесімен қиылысқанға дейін, одан кейін Ұлы Дала көшесіне дейін №8 Коттедж қалашығының аумағын қоса алғанда Тұран көшесі бойынша, одан кейін Ұлы Дала көшесі бойынша Республика көшесімен қиылысқанға дейін, одан кейін Республика көшесі бойынша Сейфуллин көшесімен қиылысқанға дейін, одан кейін Сейфуллин және Қасым Қайсенов көшелерінің қиылысына дейін, одан кейін Қасым Қайсенов көшесі бойынша Желтоқсан көшесімен қиылысқанға дейін, одан кейін Желтоқсан көшесі бойынша Сарқырама өзенінің жағасына дейін, одан кейін Сарқырама өзенінің жағалау жолағының бойымен солтүстікке қарай Наурызбай батыр көшесімен қиылысқанға дейін, одан әрі Асыл Түлік шағын ауданын айналып өтіп Наурызбай батыр және Жамбыл Жабаев көшелерінің қиылысына дейін және одан әрі Республика көшесіне дейін оңтүстік-шығысқа қарай, одан кейін Республика көшесі бойынша Астана көшесімен қиылысқанға дейін солтүстікке қарай басталады.
1,35
3
III
III-1. Аймақ Республика көшесі және Қарқаралы шоссесінің қиылысынан, одан кейін Қарқаралы шоссесінің бойымен оңтүстікке №8 Коттедж қалашығына дейін, Рысқұлбеков көшесі бойымен Тұран көшесімен қиылысқанға дейін, одан кейін Тұран көшесі бойымен Сүйінбай көшесімен қиылысқанға дейін, одан кейін Сүйінбай көшесі бойымен Астана көшесімен қиылысқанға дейін және одан кейін Астана көшесі бойымен Республика көшесімен қиылысқанға дейін басталады.
ІІІ-2. Аймақ Саркырама өзені және Желтоқсан көшесінің қиылысынан, одан кейін Желтоқсан көшесі бойымен Қасым Қайсенов көшесімен қиылысқанға дейін, одан кейін Қасым Қайсенов көшесі бойымен Сейфуллин көшесімен қиылысқанға дейін, одан кейін Сейфуллин көшесі бойымен Республика көшесімен қиылысқанға дейін, одан кейін Республика көшесі бойымен Ұлы Дала көшесімен қиылысқанға дейін, одан кейін Ұлы Дала көшесі бойымен Сарқырама өзенінің жағалау жолағына дейін, одан кейін Сарқырама өзенінің бұрылыстары бойымен Желтоқсан көшесіне дейін басталады.
III-3. Аймақ Сарқырама және Абай көшелерінің қиылысынан, одан кейін Абай көшесі бойымен Республика көшесімен қиылысқанға дейін, одан кейін Республика көшесі бойымен Қорқыт-Ата көшесімен қиылысқанға дейін, одан кейін Қорқыт-Ата көшесі бойымен Алаш көшесімен қиылысқанға дейін, одан кейін Алаш көшесі бойымен Сарқырама көшесімен қиылысқанға дейін басталады.
III-4. Аймақ Жамбыл Жабаев көшесі және Лесная поляна шағын ауданының қиылысынан, одан кейін Республика көшесі бойымен Алтын Дала шағын ауданымен қиылысқанға дейін, одан кейін Алтын Дала және Асыл Түлік шағын аудандарының шекаралары бойымен Жамбыл Жабаев көшесімен қиылысқанға дейін басталады.
1,1
4
IV
IV-1. Аймақ Ишимская көшесі және Қосшы-Тайтөбе трассасының қиылысынан, одан кейін Қосшы-Тайтөбе трассасы бойымен Сарқырама өзеніне дейін, одан кейін Сарқырама өзені бойымен Ишимская көшесіне дейін басталады.
IV-2. Аймақ Республика және Ұлы Дала көшелерінің қиылысынан, одан кейін Ұлы Дала көшесі бойымен Нұра-Есіл каналына дейін, одан кейін Нұра-Есіл каналы бойымен Қосшы қаласының шекарасына дейін, одан кейін Қосшы қаласының шекарасы бойымен Республика көшесіне дейін басталады.
0,75
5
V
Аймаққа ауыл шаруашылығында пайдаланылатын, арнайы мақсаттағы жерлер, резервтік жерлер, орман екпелері, су объектілері, бау-бақша серіктестіктері және басқа да алдыңғы төрт аймаққа кірмеген жерлер біріктірілген.
0,5