Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы

Бұйрық · № 141-НҚ · қабылданған 21.04.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-180131/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Күшін жойған Бұйрық ·№ 141-НҚ ·21.04.2023
27.08.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы

Күшін жойған Бұйрық ·№ 141-НҚ · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
141-НҚ
Қабылданған күні
21.04.2023
Көрсетілген редакция
27.08.2024 180131_718352.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032357
ЭКБ идентификаторы
180131
Редакция идентификаторы
180131_718352
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:42

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7820 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларында:
23-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

2

2. «Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7805 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану тәртібі»;
6-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы