Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 92 · қабылданған 14.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-180226/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 92 ·14.03.2022
14.03.2022 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 92 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
92
Қабылданған күні
14.03.2022
Көрсетілген редакция
14.03.2022 180226_627393.kaz
Соңғы өзгеріс
14.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NR00092A
ЭКБ идентификаторы
180226
Редакция идентификаторы
180226_627393
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:10

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, «Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысына сәйкес, «Надеждинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (БСН 150140016792) 2021 жылғы 11 қазандағы № 60/01 өтініші бойынша Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Надеждинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы көлемі 686,3986 гектар Бейімбет Майлин ауданы аумағында орналасқан пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнау участкесін пайдалану үшін, кадастрлық нөмірі 12-189-054-025 жер учаскесінде қауымдық сервитут белгілесін.

2

2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыға қол қойылған күннен бастап осы актінің электрондық нұсқасын «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Өңірлік мемлекеттік кәсіпорнына күнтізбелік жиырма күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберсін.

3 3. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны оған қол қойылған күннен бастап Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына Мирас Ермұханұлы Ахметовке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы