Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня и состава сведений по участкам недр, включенным в программу управления государственным фондом недр, подлежащих публикации в открытом доступе

Бұйрық · № 275 · қабылданған 24.04.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-180255/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Перечня и состава сведений по участкам недр, включенным в программу управления государственным фондом недр, подлежащих публикации в открытом доступе Күшін жойған 21.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Перечня и состава сведений по участкам недр, включенным в программу управления государственным фондом недр, подлежащих публикации в открытом доступе

Күшін жойған Бұйрық № 275 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня и состава сведений по участкам недр, включенным в программу управления государственным фондом недр, подлежащих публикации в открытом доступе
Атауы (қаз.)
Ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
275
Қабылданған күні
24.04.2023
Көрсетілген редакция
21.04.2026 180255_817606.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032366
ЭКБ идентификаторы
180255
Редакция идентификаторы
180255_817606
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:38
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 70-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

0 Ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамы

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушы 2023 жылғы 24
сәуірдегі № 275 бұйрығына
қосымша
Ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамы
№р/с
Аумақ­тың, учас­ке­нің, кен ор­ны­ның ата­уы
Ай­мақ­тың ата­уы
Ти­іс­ті ко­ор­ди­нат­та­ры мен же­ке код­та­ры бар бл­ок­тар­ды сәй­кестен­ді­ру кар­та­сы (сек­ция, кі­ші бө­лім, блок)
Ауда­ны (шар­шы ки­ло­метр)
Пай­да­лы қаз­ба тү­рі, жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­дың тү­рі
Сұ­рау са­лын­ған аумақ­тың ке­ңі­стіктік ше­ка­ра­ла­ры (гео­гра­фи­я­лық ко­ор­ди­нат­та­ры)
Аумақ­тың зерт­те­луі
(па­рақ но­мен­кла­ту­ра­сы) және қол­да бар қор­ла­ры
Сол­тү­стік ен­дік
Шы­ғыс бой­лық
гра­дус
ми­нут
се­кунд
гра­дус
ми­нут
се­кунд
1
2
3
4
5
6
7
8
Кестені толтыру мысалы:

1. р/с - реттік саны;

2. Аумақтың, учаскенің, кен орнының атауы - мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген аумақтың, учаскенің, кен орнының атауы;

3. Аймақтың атауы – облыстың атауы;

4. Тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру картасы (секция, кіші бөлім, блок) (мысалы: M-39-66-(10а-5а-1));

5. Ауданы (шаршы километр) – тек шаршы километрде көрсетіледі;

6. Пайдалы қазба түрі, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрі - қатты пайдалы қазбалар, кең таралған пайдалы қазбалар, көмірсутектер; жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау, пайдалы қазбаларды өндіру;

7. Сұрау салынған аумақтың кеңістіктік шекаралары (географиялық координаттары) – (Солтүстік ендік-градус / минут / секунд / шығыс бойлық-градус / минут / секунд) (мысалы: 46° 33' 00" - 53° 06' 00");

8. Аумақтың зерттелуі (парақ номенклатурасы) және қолда бар қорлары (мысалы: L-39-XXIV).