Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Бұйрық · № 298 · қабылданған 26.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-180407/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 298 ·26.04.2023
05.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 298 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
298
Қабылданған күні
26.04.2023
Көрсетілген редакция
05.04.2025 180407_750786.kaz
Соңғы өзгеріс
05.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032381
ЭКБ идентификаторы
180407
Редакция идентификаторы
180407_750786
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:32

0 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

1 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 298 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

1 1. «Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылы 27 маусымдағы № 392 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9658 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызмет өңірін айқындау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Техникалық қарап-тексеру операторы (бұдан әрі - Оператор) техникалық қарап-тексерудің стационарлық және/немесе ұтқыр желілерімен өзінің тіркелген орны бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде міндетті техникалық қарап-тексеруді қамтамасыз етеді.»;
13-тармақ алып тасталсын.

2

2. «Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11333 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2, 6-3 және 6-4-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. БАЖ операторы міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі қызметтерін көрсетуге арналған шарт негізінде техникалық қарап-тексеру операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін ұсынады.
Міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі қызметін алу үшін техникалық қарап-тексеру операторы БАЖ операторына:
өтініш;
жеке басын куәландыратын сенімді деректерді;
техникалық қарап-тексеру орталығының атауы, нақты орналасқан жерінің мекенжайы, техникалық қарап-тексеру операторының заңды мекенжайы;
«E-gov» электрондық үкіметтің порталы арқылы ұсынылған дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік және/немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті;
жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы (немесе жылжымайтын мүлікті жалдау шартының көшірмесін);
аумақ пен үй-жайдың ҚР СТ 1811-2011 «Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық қарап-тексеру. Бақылау әдістері» мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты;
арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету шартының көшірмесін (техникалық қарап-тексеру орталығының әрбір желісіне);
техникалық қарап-тексеру операторының қызметінің басталғаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның көшірмесін (техникалық қарап-тексеру операторының ашылу өңірі бойынша);
роликті тежегіш стендінің, люфтіні өлшегіш, газ талдағыштары және түтін өлшегіш, фаралардың жарығын тексерудің электрондық құралы, рульмен басқару және ілгіштің бөлшектерінде люфтілерді тексеру тестілері паспорттары мен сертификаттарының көшірмелерін;
ұтқыр/стационарлық, жеңіл автомобильдер, жүк автомобильдері немесе әмбебап техникалық қарап-тексеру станциясы көрсетілген ақпаратты;
паспортта көрсетілген әрбір жабдықтың ID сәйкестендіргіштерін көрсете отырып ақпаратты (тежегіш стенді, фаралардың жарық параметрлері, люфті өлшегіші, түтін өлшегіш, газ талдағышы, IP камера) ұсынады.
Екі және одан да көп техникалық қарап-тексеру орталықтары ашылған кезде БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін алуға өтініш техникалық қарап-тексеру орталығының әрбір желісіне беріледі.
6-2. БАЖ операторы ұсынылған құжаттар толған жағдайда міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге техникалық қарап-тексеру операторымен шарт жасасады.
6-3. Осы Қағидалардың 6-1-тармағына сәйкес құжаттар толық болмаған кезде БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге шарт жасасуға жол берілмейді.
6-4. БАЖ операторына міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметтерін көрсетуге міндетті техникалық қарап-тексерудің операторына міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу тәртібін бұза отырып, көлік құралына техникалық қарап-тексеру жүргізу фактісі анықталған кезде, оның ішінде көлік құралына жалған техникалық қарап-тексеру жүргізу белгілері анықталған кезде жол берілмейді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Көлік құралын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу үшін қажетті уақыт көлік құралының типі мен жіктемесіне сәйкес белгіленеді. 15 минут ішінде O-1, L-1-7 типті санаттар, 20 минут ішінде М-1 санаттары, М-2, М-3, N-1, N-2, N-3, О-2, О-3, О-4 санаттары 30 минут ішінде.
БАЖ операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде көлік құралының типі мен жіктелуіне байланысты көлік құралдарын техникалық қарап-тексерудің нәтижелері туралы келіп түсетін деректердің саны бойынша функционалды іске асырады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Бақылау-диагностикалық жабдықтың құрамына мынадай жабдықтар кіреді:
1) роликті тежегіш стенді;
2) люфті өлшегіш;
3) газ талдағышы және түтін өлшегіш;
4) фаралардың жарығын тексерудің электрондық аспабы;
5) рульдік басқару және аспа бөлшектеріндегі люфтіні тексеру тестері;
6) шу өлшегіш.»;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. Шығару құбырының кесіндісінен 0,5 м қашықтықта өлшенген көлік құралының пайдаланылған газдарын шығарудың шу деңгейі қозғалтқыштың иінді білігінің тұрақты нысаналы айналу жиілігін ұстап тұру кезінде және оның айналуын баяулату режимінде қозғалтқыштың жұмыс істемей тұрған кезде қозғалмайтын көлік құралындағы газ ағынының осіне 45О+10О бұрышында нысаналы жиіліктен ең төменгі бос жүріс жиілігіне дейін көлік құралын дайындаушы белгілеген мәндерден, ал оның айналуын баяулату режимі бұл деректер - «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы» Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен бекітілген «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 КО ТР Кеден одағының Техникалық регламентінің 9.2-кестесінде көрсетілген мәндер болмаған жағдайда 5 дБ-ден аспауы тиіс.
Қозғалтқыштың иінді білігінің мақсатты айналу жиілігі:
Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі 5000 мин-1-ден аспайтын, қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі бар көлік құралдары үшін қозғалтқыштың барынша жоғары қуатына сәйкес келетін айналу жиілігінің 75%;
3750 мин-1 қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі барынша жоғары қуатқа сәйкес келетін көлік құралдары үшін 5000 мин-1, бірақ 7500 мин-1-ден аз болмауы;
Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі 7500 мин-1 және одан жоғары көлік құралдарына арналған қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігінің 50%.
Егер іштен жану қозғалтқышы иінді біліктің көрсетілген айналу жиілігіне жете алмаса, онда мақсатты жиілік қозғалмайтын көлік құралы үшін мүмкін болатын ең жоғары деңгейден 5% төмен қабылданады.
Іштен жану қозғалтқышы жұмыс істей алмайтын көлік құралы үшін көлік құралы қозғалыссыз болған кезде тексеру жүргізілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
«28-1. БАЖ операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу үшін пайдаланылатын өлшеу құралдарын тексеру туралы берілген сертификаттар туралы мәліметтерді қамтитын техникалық реттеудің ақпараттық жүйесімен интеграциялануын қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
«29-1. БАЖ операторы механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне электрондық картадағы стационарлық және ұтқыр желілерден жүргізілген техникалық қарап-тексеру туралы деректердің түсуін қамтамасыз ететін функционалдың жұмысын қамтамасыз етеді, бұл міндетті техникалық қарап-тексерудің нақты уақыты мен орнын анықтауға мүмкіндік береді.
Техникалық қарап-тексеру операторы ұтқыр және стационарлық желілерде орналасқан жерінен мәліметтерді беруді қамтамасыз ету үшін навигация жүйесін орнатады.»;
31-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) диагностикалық картаға көлік құралында орнатылған әрбір газ баллонына паспорт деректері бар газ баллонының сериялық нөмірі енгізіледі.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
35. Көлік құралдарына міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу нәтижелері бойынша техникалық қарап-тексеру операторы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын жасайды (бұдан әрі – диагностикалық карта).
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламалық-аппараттық кешенге ақпарат пен мәліметтерді беру мүмкіндігі бар компьютерлік жабдық, сондай-ақ көлік құралын тіркеу құралдары кіреді.
Көлік құралының тежегіш жүйесін тексеру фотоны тіркеуі бар роликті тежегіш стендте қамтамасыз етіледі. Фотоны тіркеу құралдары мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ тежегіш стендінің роликтеріндегі көлік құралының, тіркеменің (жартылай тіркеменің) алдыңғы және артқы осін бір мезгілде қарау қамтамасыз етілетін жерде орналастырылады.
Міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу процесі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бойынша көлік құралын сәйкестендіруді қамтамасыз ететін фото және бейнетіркеу құралымен тіркеледі. Бейнетіркеу құралы техникалық қарап-тексерудың барлық желілеріне шолу қамтамасыз етілетін жерде орналастырылады.
Техникалық қарап-тексеру операторы міндетті техникалық қарап-тексеру өткізілген сәттен бастап алты ай ішінде көлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізудің және фотоны тіркеудің барлық рәсімдерін күнделікті жазудың бейнефайлын мұрағаттық сақтауды қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
«43-1. БАЖ операторы міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу тәртібін бұзғаны анықталған техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасының күшін жояды, оның ішінде көлік құралына жалған техникалық қарап-тексеру жүргізу белгілері бар техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы жойылуға жатады.
Диагностикалық картаны жою кезінде, БАЖ операторы көлік құралының иесіне техникалық қарап-тексеруден қайта өту қажеттігі туралы хабарлайды.»;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі мәліметтерінің анықтығын қамтамасыз ету үшін БАЖ операторы салалық Қауымдастық және Қоғамдық Бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп :
1) «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес бекітілетін механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын белгіленген талаптарға (бұдан әрі - Талаптар) сәйкестігіне және белгіленген Талаптармен тыйым салынған, оның ішінде деректерді қолмен енгізуге мүмкіндік беретін тәсілмен мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарды пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық белгілердің болмауына;
2) бастапқы кодтың тікелей компиляциялауға және құрастыруға дайындығына жарты жылда бір рет барлық мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарының жұмысына мониторинг жүргізеді.
БАЖ операторы мониторинг нәтижелері бойынша «Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19090 болып тіркелген) белгіленген талаптарға мамандандырылған бағдарламалық қамтылымның сәйкестігі және/немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны ресімдейді.»;
мынадай мазмұндағы 53-1 және 53-2-тармақтармен толықтырылсын:
«53-1. БАЖ операторы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде:
көлік құралы туралы мәліметтердің заңдылығы болмаған кезде диагностикалық картаны қалыптастырудан және беруден автоматты түрде бас тарту;
техникалық қарап-тексерудің жалған диагностикалық картасын беру фактісін автоматты түрде тануды қамтамасыз ететін функционалды жұмысын қамтамасыз етеді.
«53-2. БАЖ операторы көлік құралдарына техникалық қарап-тексеру жүргізу нәтижелері туралы міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне келіп түсетін деректерге аптасына кемінде екі рет объективті мониторинг жүргізу үшін көлік саласындағы салалық қауымдастықтар мен ұйымдар қатарынан, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдерімен (келісім бойынша) жұмыс тобын құрады.
Мониторинг нәтижелері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабымен көзделген шараларды одан әрі қабылдау үшін жұмыс тобының барлық мүшелері қол қоятын және көлік саласындағы уәкілетті органға ұсынылатын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес диагностикалық карталарды тексеру актісімен ресімделеді.
БАЖ операторы жұмыс тобының актісі негізінде осы Қағидалардың 6-4 және 43-1-тармақтарының талаптарына сәйкес шаралар қабылдайды.
Көлік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған жұмыс тобының актісі негізінде техникалық қарап-тексеру операторына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру жүргізу және әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін аумақтық көліктік бақылау органына нұсқау жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:
«54-1. Осы Қағидалардың 52-тармағында көзделген шарттар сақталмаған кезде БАЖ операторы осы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға арналған қолданыстағы сәйкестендіру кілтін іске қоспайды.»;
57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«57. БАЖ операторы түрлендіргіштің тікелей мәнін белгілейді, ол хеш-функцияларды парольмен бірге береді және түрлі-түсті кестелерін пайдалана отырып, сөздік бойынша іріктеулерден және шабуылдардан қорғау, сондай-ақ бірдей парольдерді жасыру үшін пайдаланылады.
Түрлендіргіштің тікелей мәнін БАЖ операторы белгілейді және беруге жатпайды.
58. Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарда белгіленген Талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде БАЖ операторы деректерді осы мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдар механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне беру мүмкіндіктерін жояды.
1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

3

4

4. «Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 532 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19090 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптарда:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. МБҚ:
1) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде (МТҚ қызметкері) әрбір пайдаланушы үшін (БҚ) жеке тұлғаның ЭЦҚ арқылы жеке авторландыру;
2) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тану;
3) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің параметрлерін диагностикалық жабдықтардан беру;
4) міндетті техникалық қарап-тексеруден өту мерзімділігіне сәйкес кейінгі міндетті техникалық қарап-тексеруден өту мерзімін автоматты түрде белгілеу;
5) нақты уақыт режимінде міндетті техникалық қарап-тексеруді өткізу нәтижелері бойынша БАЖ-ға сенімді мәліметтерді ұсыну;
6) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін тексеру нәтижелері бойынша техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын қалыптастыру;
7) бақылау-диагностикалық жабдық оған қосылмаған және конфигурациялау кезінде әкімші алдын ала белгілегендерден басқа, камералардың өзге үлгілерінен фотосуретті алған кезде «Техникалық қарап-тексеру» БАЖ-ға техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын қалыптастыруға және жөнелтуге автоматты түрде бас тарту;
8) техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын мемлекеттік және орыс тілдерінде және өлшеу хаттамасын экран мен баспаға, сондай-ақ ауытқуларды көрсете отырып, тармақтары белгіленген нормативтерге сәйкес келмейтін диагностикалық картаның екінші парағына шығару;
9) роликті тежегіш стендте алдыңғы осьтің немесе тіркеменің (жартылай тіркеменің) артқы осін тежегіш жүйесінің көрсеткіштерін алу кезінде көлік құралын фотокамерадан және бейнекамерадан түсіруді қамтамасыз ету;
10) бақылау-диагностикалық жабдықтардан, фотокамералар мен бейнекамералардан алынған деректерді түзетуге жол бермеу;
11) дерекқордың резервтік көшірмелерін жасау;
12) резервтік көшірмелерден дерекқорды қалпына келтіру;
13) HDD дискісі істен шыққан жағдайда дерекқордың тұтастығын тексеру;
14) автоматты жаңартуларды орнатуды қолдау;
15) МБҚ жаңарту туралы ақпаратты логиндеу (тіркеу), сәйкестендіру белгілерін, сондай-ақ әрбір пайдаланушының әрекеттерін көрсете отырып, жабдықты қосу және ауыстыру;
16) IP, Web және ұқсас камералардың жұмысын қолдау;
17) айына 1 рет парольді ауыстыру;
18) тіркелген фотосуреттің геолокациясын көрсете отырып, кадрды түсіру арқылы IP-камераның бейне ағынынан тікелей техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасында деректерді қабылдау және фотосуретті түсіру;
19) «Техникалық қарап-тексеру» БАЖ операторының сұрау салуы бойынша логиндеу тарихын ұсыну функцияларын орындайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. МБҚ аппараттық-бағдарламалық кешеннің тиісті жұмысын қамтамасыз етеді және техникалық қарап-тексеру операторының өтінімі бойынша бір жұмыс күнінен кешіктірмей техникалық қарап-тексеру орталығы орналасқан жерге барады және ақауларды жояды.
МБҚ иесі «Техникалық қарап-тексеру» БАЖ жеке кабинетінде МБҚ және техникалық қарап-тексеру операторы арасында қолданыстағы шарттық қатынастардың ашылуы мен жарамдылығына өтінімді растайды.
МБҚ иесі техникалық қарап-тексеру операторының «Техникалық қарап-тексеру» БАЖ-да өзекті электрондық журналды жүргізеді.»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) МҚБ жұмыс станцияларында пайдаланушылардың белсенділігін мониторингтеу және деректердің бұзылуын болдырмау жүйесін енгізу.»;
мынадай мазмұндағы 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:
«11. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс қимылды жүзеге асыратын МҚБ сенімді бағдарламалық қамтылымдар және электрондық өнеркәсіптің өнімдер тізіліміне кіреді.
Техникалық қарап-тексеру операторларының әрекеттерін бақылау үшін МҚБ-да DLP функциясын қосу.
12. Көлік құралының типі мен жіктемесіне сәйкес көлік құралын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу үшін белгіленгеннен уақыттан аз көлік құралдарын міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізген кезде механикалық көлік құралдарын және оның тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне техникалық қарап-тексерудің диагностикалық карталарын қалыптастырудан және жөнелтуден автоматты түрде бас тарту: O-1, L-1-7 – 15 минут, санаты М-1 -20 минут, санаттары М-2, М-3, N-1, N-2, N-3, О-2, О-3, О-4 –30 минутты құрайды.».

1.1 тізбесіне 1-қосымша

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер
мен әскери құралымдардың механикалық
көлік құралдары мен олардың тіркемелерін
қоспағанда, механикалық көлік құралдары
мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық
қарап-тексеруді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы № ___
Certificate of periodic technical inspection
Алдыңғы жағы
Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру опе­ра­то­ры (опе­ра­тор­дың ата­уы және ме­кен­жайы):
Ба­стап­қы тек­се­ру
қай­та тек­се­ру
Ди­а­гно­сти­ка­ла­на­тын
кө­лік құ­ра­лы­ның
фо­то­су­ре­ті
Мем­ле­кет­тік
тір­кеу нө­мі­рі:
Кө­лік құ­ра­лы­ның ие­сі:
Сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
(VIN):
Мар­ка­сы, мо­де­лі:
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы:
Кө­лік құ­рал­да­рын тір­кеу ту­ра­лы
ку­ә­лік (се­ри­я­сы, нө­мі­рі):
Ку­зов нө­мі­рі:
Ра­ма нө­мі­рі:
Қоз­ғалт­қыш нө­мі­рі:
Кө­лік құ­ра­лы­ның са­на­ты:
Тек­се­рі­ле­тін па­ра­метр­лер
және қой­ы­ла­тын та­лап­тар

Тек­се­рі­ле­тін па­ра­метр­лер және қой­ы­ла­тын та­лап­тар

Тек­се­рі­ле­тін па­ра­метр­лер және қой­ы­ла­тын та­лап­тар
I. Те­жеу жүй­е­ле­рі
15
Жүр­гі­зу­ші та­ра­пы­нан әй­нек­тің жар­ты­сын та­за­ла­ғы­шпен та­за­лау ай­ма­ғын­да ал­дың­ғы әй­нек­те жа­рық­тар бол­мауы
29
Отын­ның ағуы және пай­да­ла­ну сұй­ық­тық­та­ры­ның там­шы­сы­ның бол­мауы
1
Жұ­мыс те­же­гіш жүй­е­сі­нің ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі­нің сәй­кест­і­гі
16
Бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес арт­қы кө­рі­ніс ай­на­ла­ры­ның бо­луы және күйі
30
Га­з­бен жұ­мыс іс­тей­тін кө­лік құ­рал­да­ры­ның қо­рек­тен­ді­ру жүй­е­сі­нің гер­ме­ти­ка­лы­ғын бұз­бау. Газ бал­лон­да­ры­ның бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
2
Ай­ыр­ма­шы­лық­тың сәй­кест­і­гі
бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға те­же­гіш кү­ш­те­рі
IV. Сырт­қы
Жа­рық ас­пап­та­ры
31
«Доң­ға­лақ­ты кө­лік құ­рал­да­ры­ның қа­уіп­сіз­ді­гі ту­ра­лы» Ке­ден ода­ғы­ның тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тін қа­был­дау ту­ра­лы» Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ко­мис­си­я­ның 2011 жы­л­ғы 9 жел­тоқ­сан­да­ғы № 877 ше­ші­мі­мен бе­кі­ті­л­ген «Доң­ға­лақ­ты кө­лік құ­рал­да­ры­ның қа­уіп­сіз­ді­гі ту­ра­лы» КО ТР 018/2011 Ке­ден ода­ғы­ның Тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­т­ін­де бел­гі­лен­ген кө­лік құ­ра­лы­ның пай­да­ла­ны­л­ған га­з­да­рын шы­ға­ру шуы­ның шек­ті рұқ­сат еті­л­ген дең­гей­іне сәй­кест­і­гі
VII. Кон­струк­ци­я­ның бас­қа эле­мент­те­рі
3
Тұ­рақ те­же­гіш жүй­е­сі­нің ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі­нің сәй­кест­і­гі
17
Кон­струк­ци­яда көз­дел­ген орын­дар­да фа­ра­лар­дың, сиг­нал­дық шам­дар­дың бо­луы және ор­на­ла­суы
32
Жұ­мыс іс­тей­тін ды­быст­ық сиг­нал­дық құ­ры­л­ғы­ның бо­луы
4
Құлып­қа қар­сы те­же­гіш жүй­е­ле­рі­нің сиг­на­ли­за­тор­ла­ры­ның жұ­мыс іс­те­уі
18
Фа­ра­лар мен сиг­нал шам­да­ры­ның жай-күйі, жұ­мысқа қа­бі­лет­ті­лі­гі және жұ­мыс ре­жи­мі
33
Бір ось­ті тір­ке­ме­лер­де (та­ра­ту­ды қо­с­па­ған­да) және жұ­мыс те­же­гіш жүй­е­сі­мен жаб­дық­тал­ма­ған тір­ке­ме­лер­де жұ­мыс іс­те­у­ге қа­бі­лет­ті сақ­тан­ды­ру құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның бо­луы
5
Те­же­гіш же­те­гі­нің гер­ме­ти­ка­лы­ғы­ның бұ­зы­луы­ның, қы­сым­мен те­же­гіш шлан­гі­ле­рі­нің іс­і­ну­і­нің, жа­рық­тар­дың, кө­рі­не­тін ысқы­лау орын­да­ры­ның, то­тығ­у­дың, гер­ме­ти­ка­лық­тың жо­ға­луы­на неме­се бұ­зы­луы­на қа­уіп төн­ді­ре­тін бұ­зы­лу­дың бол­мауы
19
Рет­теу бұ­ры­шта­ры мен фа­ра­лар­дың жа­рық кү­ші­нің бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
34
Ав­то­мат­ты құлып­тау, қол­мен және ав­то­мат­ты құлып­тау сед­ла-ілі­ні­су құ­ры­л­ғы­сы­ның өнім­ді­лі­гі. Ілі­ні­су құ­ры­л­ғы­ла­рын­да жа­рық­тар мен кө­рі­не­тін за­қым­дар­дың бол­мауы
6
Те­же­гіш сұй­ық­тығ­ы­ның ағып кет­пе­уі
20
Жа­рық ас­пап­та­ры диф­фу­зор­ла­ры­ның, оп­ти­ка­лық эле­мент­тер­дің, оның ішін­де түс­сіз неме­се бо­я­л­ған бөл­шек­тер мен плен­ка­лар­дың бұ­зы­луы­ның және жа­ры­луы­ның бол­мауы
35
Кө­лік құ­рал­да­рын жа­рам­ды қа­уіп­сіз­дік бел­дік­те­рі­мен жа­рақ­тан­ды­ру
II. Руль­дік бас­қа­ру
V. Ши­на­лар, дөң­ге­лек­тер және сус­пен­зия
36
Ды­быс өшір­гіш­тер мен шы­ға­тын құ­быр­лар­дың бо­луы
7
Руль­дік бас­қа­ру­да­ғы жиын­тық ой­ын­нан шек­ті мән­дер­дің асып кет­пе­уі
21
Ши­на­лар про­тек­то­ры үл­гі­сі­нің би­ік­ті­гі­нің бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
37
Спи­до­метр­дің жұ­мыс іс­теу қа­бі­лет­ті­лі­гі
8
Руль­дік доң­ға­лақ­ты бей­та­рап по­зи­ци­ядан өзді­гі­нен бұ­ру­дың бол­мауы
22
Сым­ды аша­тын ши­на­лар­дың жер­гі­лік­ті про­тек­тор­лық бө­лі­нуі және жер­гі­лік­ті за­қым­да­нуы (сы­нуы, ке­сі­луі, жыр­ты­луы) жоқ
38
Бам­пер­лер мен доң­ға­лақ үст­ін­де­гі бал­шық­тан қор­ғай­тын құ­ры­л­ғы­лар­дың бо­луы және жай-күйі
9
Руль ба­ға­на­сы мен руль те­ті­гі­нің кар­те­рін бе­кі­ту бөл­шек­те­рі­нің за­қым­дан­ба­уы және то­лық жиын­тығы
23
Бар­лық болт­тар­дың неме­се гай­ка­лар­дың дис­кі­лер мен доң­ға­лақ жи­ек­те­рі­нің бо­луы
39
Са­лон еде­нін­де те­сік­тер­дің бол­мауы, орын­дық­тар мен тұт­қа­лар­ды се­нім­ді бе­кі­ту, орын­дық­тар қап­та­ма­сы­ның және тұт­қа­лар­дың жұм­сақ эле­мент­те­рі­нің тұ­та­стығы, орын­дық­тар­ды рет­теу және бе­кі­ту те­тікте­рі­нің, ав­то­бу­стар­да, ша­ғын ав­то­бу­стар­да және так­си­лер­де жел­де­ту, жы­лы­ту жүй­е­сі­нің жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гі
10
Руль те­ті­гін­де және руль же­те­гін­де қал­дық де­фор­ма­ция, жа­рық­тар және бас­қа ақа­у­лар із­де­рі­нің бол­мауы
24
Дис­кі­лер­де және доң­ға­лақ жи­ек­те­рін­де жа­рық­тар­дың бол­мауы
40
Ба­ла­лар­ды ұстай­тын құ­ры­л­ғы­лар­дың және олар­ды бе­кі­ту орын­да­ры­ның жай-күйі мен жұ­мыс іс­те­уі. Бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­тін ава­ри­я­лық тоқ­та­ту бел­гі­сі­нің, өрт сөн­дір­гіш­тер­дің және қоб­ди­ша­ның бо­луы
III. Шо­лу
25
Бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кө­лік құ­ра­лы­на ши­на­лар­ды ор­на­ту
41
«Доң­ға­лақ­ты кө­лік құ­рал­да­ры­ның қа­уіп­сіз­ді­гі ту­ра­лы» Ке­ден ода­ғы­ның тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тін қа­был­дау ту­ра­лы» Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ко­мис­си­я­ның 2011 жы­л­ғы 9 жел­тоқ­сан­да­ғы № 877 ше­ші­мі­мен бе­кі­ті­л­ген «Доң­ға­лақ­ты кө­лік құ­рал­да­ры­ның қа­уіп­сіз­ді­гі ту­ра­лы» КО ТР 018/2011 Ке­ден ода­ғы­ның Тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­т­ін­де бел­гі­лен­ген ма­ман­дан­ды­ры­л­ған және ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның қо­сым­ша та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі
11
Жел­қа­ғар әй­нек­тің әй­нек та­за­ла­ғы­шта­ры­ның бо­луы және жұ­мыс іс­теу қа­бі­лет­ті­лі­гі
26
Ас­па то­рап­та­ры мен бөл­шек­те­рі­нің жай-күйі, сон­дай-ақ олар­ды бе­кі­ту орын­да­рын­да орын ауы­сты­ру­дың (кон­струк­ци­яда көз­дел­ме­ген) және люфт­тер­дің бол­мауы
VIII. Ра­ма­ның, ку­зо­втың жағ­дайы
12
Әй­нек жу­ғы­штың сап­та­ма­сы­ның ал­дың­ғы әй­нек­тің бо­луы және шы­ны жу­ғы­штың шы­ны­ны та­за­лау ай­мақ­та­ры­на сұй­ық­тық бе­ру­ін қам­та­ма­сыз етуі
VI. Қоз­ғалт­қыш және оның
жүй­е­ле­рі
42
Қо­сым­ша жаб­дық­тар­дың және аэро­гра­фи­я­лық үш өл­шем­ді су­рет­тер­дің бо­луы
13
Жүр­гі­зу­ші ор­ны­нан кө­рі­ну­ді шек­тей­тін қо­сым­ша заттар­дың неме­се жа­бын­дар­дың бол­мауы. Ал­дың­ғы әй­нек­тің жо­ғар­ғы жа­ғын­да­ғы плен­ка жо­ла­ғы­ның бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
27
Кө­лік құ­рал­да­ры­ның пай­да­ла­ны­л­ған га­з­да­рын­да­ғы ла­ста­у­шы заттар­дың бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
43
Доң­ға­лақ ба­за­сы­ның, га­ба­рит­те­рі мен сызық­тық өл­шем­де­рі­нің дай­ын­да­у­шы кә­сі­по­рын­ның кон­струк­тив­тік па­ра­метр­ле­ріне сәй­кест­і­гі
14
Ал­дың­ғы әй­нек­тің, ал­дың­ғы бүй­ір әй­нек­тің және ал­дың­ғы есік­тің әй­не­гі­нің жа­рық бе­ру нор­ма­сы­на сәй­кест­і­гі
28
Пай­да­ла­ны­л­ған га­з­дар тү­ті­ні­нің рұқ­сат еті­л­ген шек­ті дең­гей­і­нің бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
44
Ка­би­на­ның, жақ­та­удың, қо­сал­қы жақ­та­удың жағ­дайы
Артқы жағы
Диагностика нәтижелері
Сәйкессіздік анықталған параметрлерді тексеру
Диагностикалық карта элементі
Төменгі шекара
Тексеру нәтижесі
Жоғарғы шекара
Параметр атауы
Сәйкессіздік орнатылған параметрлерді визуалды тексеру
Тексеру нысанасы (түйін, бөлшек, агрегат)
Талаптарға сәйкессіздік мазмұны
Кө­лік құ­ра­лы­ның де­ректе­рі
Жүк­те­ме жоқ мас­са:
Рұқ­сат еті­л­ген ба­рын­ша жо­ға­ры мас­са:
Отын тү­рі:
Жү­ріп өт­кен көр­сет­кі­ші:
Жол қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гі та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі/ сәй­кес­сіз­ді­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды (қа­жет­сіз сызып та­стау)
сәй­кес ке­ле­ді
matches
сәй­кес емес
does not match
Қай­та тек­се­ру­ді қа­жет ете­тін ди­а­гно­сти­ка­лық кар­та пункт­те­рі:
Ди­а­гно­сти­ка­лық кар­та­ның бе­рі­л­ген кү­ні:
20____ жы­л­ғы «___» _______
Тех­ни­ка­лық са­рап­шы­ның Т.А.Ә.
(бар бол­са):
Қо­лы:
Мін­дет­ті тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­ден ке­ле­сі өту мер­зі­мі:
20____ жы­л­ғы «___» _______
Кө­лік құ­ра­лы­ның мен­шік ие­сі­нің және (неме­се) мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мір­лік бел­гі­сі­нің өзге­рі­сте­рі
Кө­лік құ­ра­лы­ның ие­сі:
МО_________________
Кү­ні _______________
Мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мір­лік бел­гі­сі:

1.2 Диагностикалық карталарды тексеру актісі

тізбесіне 2-қосымша
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер
мен әскери құралымдардың механикалық
көлік құралдары мен олардың тіркемелерін
қоспағанда, механикалық көлік құралдары
мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық
қарап-тексеруді ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
20__ жылғы «__» _______ №___
Диагностикалық карталарды тексеру актісі
«Міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне» (бұдан әрі – «Техникалық қарап-тексеру» БАЖ) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері туралы техникалық қарап-тексерудің операторлары/орталықтары/стационарлық желілері ұсынған мәліметтерге мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобының отырысы.
Жұмыс тобының отырысы барысында мынадай операторлар/орталықтар/стационарлық техникалық қарап-тексеру желілері «Техникалық қарап-тексеру» БАЖ-ға ұсынған міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер қаралды:

ТБО
Диа­кар­та нө­мір­ле­рі
Тек­се­рі­л­ген ДК са­ны
Бұ­зу­шы­лық­та­ры бар ДК нө­мір­ле­рі
Бұ­зу­шы­лық­та­ры бар ДК са­ны
Бұ­зу­шы­лық тү­рі
Мәр­те­бе­сі
1
Қорытынды:
Қорытынды: Тексеру нәтижесінде жұмыс тобы оператор/орталық/стационарлық желі техникалық қарап-тексеру операторларынан «Техникалық қарап-тексеру» БАЖ-да міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері туралы ұсынған мәліметтердің дәйексіз екендігі туралы шешім қабылдады.
Барлығы _ _ _ ДК тексерілді, оның ішінде бұзушылықтар ____ ДК құрайды.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының техникалық қарап-тексеру саласындағы уәкілетті органына техникалық қарап-тексеру жүргізу қағидаларын бұзудың анықталған белгілері туралы ұсыныс хат жіберілетін болады.
Жұмыс тобының мүшелері:

ТАӘ
Ла­у­а­зы­мы
Қо­лы
1
2
3

1.3 Техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімі

тізбесіне 3-қосымша
Техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімін жүргізу қағидаларына қағидаларына
қосымша
Нысаны
Техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімі
№р/с
Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру опе­ра­то­ры­ның ата­уы
Ме­кен­жайы (ин­дек­сі, об­лы­сы, ауда­ны,
қа­ла (кент, ауыл),
кө­ше, үй), Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры, тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру опе­ра­то­ры­ның элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы
Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­дің ста­ци­о­нар­лық же­лі­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі
Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­дің ста­ци­о­нар­лық же­лі­сі­нің жұ­мыс ре­жи­мі
Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­дің ста­ци­о­нар­лық же­лі­сі­нің ти­пі және са­ны
Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­дің ұт­қыр же­лі­сі­нің ти­пі және са­ны
Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру опе­ра­то­ры қыз­мет өңі­рі
Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру опе­ра­то­ры ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­ле­тін өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар
Тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру опе­ра­то­ры ті­зі­лі­мі­нен алып та­стау
Ба­стап­қы тек­се­ру­ден өт­кен нө­мі­рі мен кү­ні көр­се­ті­л­ген ба­қы­лау-ди­а­гно­сти­ка­лық жабды­ғы, сон­дай-ақ өл­шеу құ­рал­да­рын тек­се­ру ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тың нө­мі­рі мен кү­ні көр­се­ті­л­ген мер­зім­ді тек­се­ру­лер бой­ын­ша мә­лі­мет­тер, өл­шеу құ­рал­да­рын тек­се­ру­ді жүр­гіз­ген ор­ны мен ұй­ым­ның ата­уы
Ста­ци­о­нар­лық тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру же­лі­сі­нің жер­ге ка­дастр­лық нө­мі­рі, үй-жай­ды жал­ға ал­ған жағ­дай­да жал­ға алу шар­ты­ның нө­мі­рі мен жа­сал­ған кү­ні, жал­ға алу мер­зі­мі және жал­ға алын­ған үй-жай­дың же­ріне ка­дастр­лық нө­мі­рі көр­се­ті­ле­ді
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12

Қолданыстағы