Құжат мәтініне өту

О передаче государственного пакета акций акционерного общества «Управляющая компания специальной экономической зоны «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос» из республиканской собственности в коммунальную собственность

Қаулы · № 345 · қабылданған 02.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-180607/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О передаче государственного пакета акций акционерного общества «Управляющая компания специальной экономической зоны «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос» из республиканской собственности в коммунальную собственность Қолданыста Қаулы ·№ 345 ·02.05.2023
02.05.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О передаче государственного пакета акций акционерного общества «Управляющая компания специальной экономической зоны «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос» из республиканской собственности в коммунальную собственность

Қолданыста Қаулы ·№ 345 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О передаче государственного пакета акций акционерного общества «Управляющая компания специальной экономической зоны «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос» из республиканской собственности в коммунальную собственность
Атауы (қаз.)
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн республикалық меншiктен коммуналдық меншiкке беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
345
Қабылданған күні
02.05.2023
Көрсетілген редакция
02.05.2023 180607_634311.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000345
ЭКБ идентификаторы
180607
Редакция идентификаторы
180607_634311
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:20

0 «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн республикалық меншiктен коммуналдық меншiкке беру туралы

«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 (бір жүз) пайыз мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншiгіне берілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Жетісу облысының әкімдігімен бірлесіп осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдасын.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі:
«Жетісу облысы» деген бөліммен және мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1080-жолмен толықтырылсын:
«Жетісу облысы
1080. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 38-9-жол алып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 400-2-жол алып тасталсын.

3

3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын.
______________________

Қолданыстағы