Об утверждении Правил присвоения юридическому лицу статуса саморегулируемой организации и его утраты
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил присвоения юридическому лицу статуса саморегулируемой организации и его утраты
- Атауы (қаз.)
- Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру және оны жою ережеcін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 418
- Қабылданған күні
- 02.12.2003
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2012 AI18062_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V030002633_
- ЭКБ идентификаторы
- 18062
- Редакция идентификаторы
- AI18062_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:45
0 Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру және оны жою ережеcін бекіту туралы
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 92-бабын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1 1. Заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру және оны жою ережесi бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
3 3. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап мынадай нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын:
1
1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 22 тамыздағы N 131 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 388 тiркелген, 1997 жылғы қыркүйекте "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 9);
2
2) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 22 тамыздағы N 131 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2000 жылғы 23 наурыздағы N 69 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1115 тiркелген, 2000 жылғы мамырда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 5).
4 4. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарға жiберсiн.
5
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсiн.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
11 Заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру және оны жою ережесi
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін
ұйым мәртебесін беру және
оны жою ережеcін бекіту туралы"
2003 жылғы 2 желтоқсандағы
N 418 қаулысымен бекітілген
Заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру және оны жою ережесi
Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 92-бабына сәйкес әзірленді және заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру және оны жою тәртібін белгілейді.
1
1. Бағалы қағаздар рыногына реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) заңды тұлғаға осы заңды тұлғаның мүшелері болып табылатын, бағалы қағаздар рыногында қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыратын кәсіби қатысушылардың өтініші мен тізімінің негізінде өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін береді.