Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований для осуществления деятельности по цифровому майнингу и перечня документов, подтверждающих соответствие им

Бұйрық · № 165/НҚ · қабылданған 26.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-180656/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований для осуществления деятельности по цифровому майнингу и перечня документов, подтверждающих соответствие им Қолданыста Бұйрық ·№ 165/НҚ ·26.04.2023
01.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований для осуществления деятельности по цифровому майнингу и перечня документов, подтверждающих соответствие им

Қолданыста Бұйрық ·№ 165/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований для осуществления деятельности по цифровому майнингу и перечня документов, подтверждающих соответствие им
Атауы (қаз.)
Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
165/НҚ
Қабылданған күні
26.04.2023
Көрсетілген редакция
01.01.2024 180656_675276.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032416
ЭКБ идентификаторы
180656
Редакция идентификаторы
180656_675276
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:30

0 Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қоса беріліп отырған біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін (бұдан әрі – біліктілік талаптары).

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесі қамтамасыз етсін:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін біліктілік талаптарының 1-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

0 Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 165/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік
талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
№ п/п
Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры
Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін рас­тай­тын құ­жат­тар
1
2
3
Мен­шік құқы­ғын­да неме­се бас­қа да заң­ды негіз­дер­де цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лы­ғы бар цифр­лық май­нер­дің қыз­ме­тіне – І кі­ші түр­дің бо­луын қам­ти­ды:
1.
цифр­лық май­нинг үшін ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді ті­зі­лім­ге ен­гі­зу ту­ра­лы ақ­па­рат
Цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің ті­зі­лі­мін­де қам­ты­л­ған (мен­шік құқы­ғын­да неме­се бас­қа да заң­ды негіз­де­рін­де цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің болған кез­де)
2.
мен­шік құқы­ғын­да неме­се бас­қа да заң­ды негіз­де цифр­лық май­нинг де­ректер­ді өң­деу ор­та­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат
Де­ректер­ді өң­деу ор­та­лы­ғы­ның ор­на­лас­қан же­рін көр­се­те оты­рып, мен­шік құқы­ғын­да неме­се бас­қа заң­ды негіз­де цифр­лық май­нинг де­ректер­ді өң­деу ор­та­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы рас­тай­тын құ­жат
3.
цифр­лық май­нинг де­ректер ор­та­лы­ғы­ның тұр­ғын үй ай­ма­ғы­нан тыс ор­на­ла­суы ту­ра­лы ақ­па­рат
Цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лы­ғы­ның тұр­ғын үй ай­ма­ғы­нан тыс ор­на­ла­суы ту­ра­лы рас­тай­тын құ­жат­тар (ер­кін ны­сан­да­ғы ке­піл­ден­ді­рі­л­ген хат)
4.
цифр­лық май­нинг қыз­ме­тін цифр­лық май­нинг пу­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы ақ­па­рат
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ак­кре­дит­тел­ген май­нинг­тік пул­дар бар ке­зін­де цифр­лық май­нинг­тік пул ар­қы­лы цифр­лық май­нинг қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы рас­тай­тын құ­жат­тар (мен­шік құқы­ғын­да неме­се цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің бас­қа да заң­ды негіз­де­рін­де болған кез­де): анық­та­ма, жа­з­ба­ша жа­у­ап неме­се цифр­лық май­нинг пу­лы­мен жа­сал­ған шарт.
Цифр­лық май­нинг қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ба­ры­сын­да бір цифр­лық май­нинг­тік пулы­нан екін­ші­сіне ауы­с­қан жағ­дай­да, цифр­лық май­нер 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де бұл ту­ра­лы уәкі­лет­ті ор­ган­ға ақ­па­рат­тық жүйе ар­қы­лы ха­бар­лай­ды.
5.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы «Электр энер­ге­ти­ка­сы ту­ра­лы» За­ңы­ның 9-4-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на (бұ­дан әрі – Заң) сәй­кес цифр­лық май­нер­де электр энер­ги­я­сын ком­мер­ци­я­лық есеп­ке алу­дың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­ле­рі­нің, жүк­те­ме­ні ажы­ра­ту­дың ар­на­у­лы ав­то­ма­ти­ка­сы­ның, жүй­е­лік опе­ра­тор­да және энер­гия бе­ру­ші ұй­ым­да ор­на­ты­л­ған жүй­е­лер­мен өзде­рін бі­р­із­ден­ді­ру­ді олар­дың же­лі­ле­ріне қо­сы­л­ған кез­де қам­та­ма­сыз ете­тін те­ле­ком­му­ни­ка­ция жүй­е­ле­рі­нің бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат
Заң­ның 9-4-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес цифр­лық май­нер­де электр энер­ги­я­сын ком­мер­ци­я­лық есеп­ке алу­дың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­ле­рі­нің, жүк­те­ме­ні ажы­ра­ту­дың ар­на­у­лы ав­то­ма­ти­ка­сы­ның, жүй­е­лік опе­ра­тор­да және энер­гия бе­ру­ші ұй­ым­да ор­на­ты­л­ған жүй­е­лер­мен өзде­рін бі­р­із­ден­ді­ру­ді олар­дың же­лі­ле­ріне қо­сы­л­ған кез­де қам­та­ма­сыз ете­тін те­ле­ком­му­ни­ка­ция жүй­е­ле­рі­нің бо­луын рас­тай­тын құ­жат.
6.
электр же­лі­ле­ріне қо­сы­лу­ға тех­ни­ка­лық шар­ттар­дың (бұ­дан әрі – ТШ) бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат*:
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның электр энер­ге­ти­ка­сы ту­ра­лы заң­на­ма­сы­на сәй­кес рұқ­сат еті­л­ген қу­а­ты ке­мін­де бір ме­га­ватт бо­ла­тын кер­не­уі 35 ки­ло­вольт және одан жо­ға­ры транс­фор­ма­тор­лық қо­сал­қы стан­ци­я­лар­дан ға­на энер­гия бе­ру­ші ұй­ым­дар­дан ТШ ал­ған цифр­лық май­нер­лер үшін;
2023 жы­л­ғы 1 сәу­ір­ге дей­ін энер­гия бе­ру­ші (энер­гия өн­ді­ру­ші) ұй­ым­ның электр же­лі­ле­ріне қо­су­ды жү­зе­ге асыр­ған цифр­лық май­нер­лер үшін
Заң­ға сәй­кес рұқ­сат еті­л­ген қу­а­ты ке­мін­де бір ме­га­ватт бо­ла­тын кер­не­уі 35 ки­ло­вольт және одан жо­ға­ры транс­фор­ма­тор­лық қо­сал­қы стан­ци­я­лар­дан энер­гия бе­ру­ші ұй­ым­дар бер­ген цифр­лық май­нер­лер үшін ТШ.
ти­іс­ті қыз­мет тү­рі (да­та-ор­та­лық­тар, өн­ді­рі­стік неме­се өнер­к­ә­сіп­тік ғи­ма­рат­тар) бар энер­гия бе­ру­ші (энер­гия өн­ді­ру­ші) ұй­ым бер­ген ТШ.
Мен­шік құқы­ғын­да неме­се бас­қа да заң­ды негіз­дер­де цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лы­ғы жоқ және оған мен­шік құқы­ғын­да ти­е­сі­лі цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған, цифр­лық май­нинг де­ректе­рін өң­деу ор­та­лы­ғын­да ор­на­лас­қан ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді пай­да­ла­на оты­рып, цифр­лық май­нинг­ті жү­зе­ге асы­ра­тын цифр­лық май­нер­дің қыз­ме­тіне – ІІ кі­ші түр­дің бо­луын қам­ти­ды:
7.
цифр­лық май­нинг­ке үшін ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің ті­зі­лі­міне ен­гі­зу ту­ра­лы ақ­па­рат
цифр­лық май­нинг­ке ар­нал­ған ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді ті­зі­лім­ге ен­гі­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма
8.
мен­шік құқы­ғын­да оған ти­е­сі­лі цифр­лық май­нинг үшін ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің де­ректер­ді өң­деу ор­та­лы­ғын­да ор­на­ла­сты­ры­луы ту­ра­лы ақ­па­рат
I кі­ші түр­де­гі ли­цен­зи­я­лан­ған май­не­рі­мен, оның ата­уын көр­се­те оты­рып, ын­ты­мақ­та­стық ни­е­ті ту­ра­лы ер­кін ны­сан­да­ғы ке­піл­ден­ді­рі­л­ген хат
9.
цифр­лық май­нинг қыз­ме­тін цифр­лық май­нинг пу­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы ақ­па­рат
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ак­кре­дит­тел­ген май­нинг­тік пул­дар бар ке­зін­де цифр­лық май­нинг­тік пул ар­қы­лы цифр­лық май­нинг қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы рас­тай­тын құ­жат­тар: анық­та­ма, жа­з­ба­ша жа­у­ап неме­се цифр­лық май­нинг пу­лы­мен жа­сал­ған шарт).
Цифр­лық май­нинг қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ба­ры­сын­да бір цифр­лық май­нинг­тік пулы­нан екін­ші­сіне ауы­с­қан жағ­дай­да, цифр­лық май­нер 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де бұл ту­ра­лы уәкі­лет­ті ор­ган­ға ақ­па­рат­тық жүйе ар­қы­лы ха­бар­лай­ды.
Ескертпе: *Генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көрсетілетін қызметті алушыларға қолданылмайды.

Қолданыстағы