Құжат мәтініне өту

Об изменении и установлении границ населенных пунктов сельских округов Акдала и Дермене города Арыс Туркестанской области

Қаулы · № 2/14-VIII · қабылданған 27.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-180974/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об изменении и установлении границ населенных пунктов сельских округов Акдала и Дермене города Арыс Туркестанской области Қолданыста Қаулы ·№ 2/14-VIII ·27.04.2023
27.04.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении и установлении границ населенных пунктов сельских округов Акдала и Дермене города Арыс Туркестанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 2/14-VIII · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении и установлении границ населенных пунктов сельских округов Акдала и Дермене города Арыс Туркестанской области
Атауы (қаз.)
Түркістан облысы Арыс қаласының Ақдала және Дермене ауылдық округтері елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2/14-VIII
Қабылданған күні
27.04.2023
Көрсетілген редакция
27.04.2023 180974_629384.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23UB626113
ЭКБ идентификаторы
180974
Редакция идентификаторы
180974_629384
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:27

0 Түркістан облысы Арыс қаласының Ақдала және Дермене ауылдық округтері елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Түркістан облысы Арыс қаласының Ақдала және Дермене ауылдық округтерінің келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:

1 1) Ақдала ауылдық округі Ақдала елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 36,58 гектар қоса отырып, Ақдала ауылдық округі Ақдала елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 561,1 гектар шекарасында белгіленсін;

2 2) Ақдала ауылдық округі Пәкентай Арапов елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 10,83 гектар қоса отырып, Ақдала ауылдық округі Пәкентай Арапов елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 115,13 гектар шекарасында белгіленсін;

3 3) Дермене ауылдық округі Саналы елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 9,8 гектар қоса отырып, Дермене ауылдық округі Саналы елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 161,15 гектар шекарасында белгіленсін;

4 4) Дермене ауылдық округі Орманды елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 16,5 гектар қоса отырып, Дермене ауылдық округі Орманды елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 28,0 гектар шекарасында белгіленсін;

5 5) Дермене ауылдық округі Теміржолшы елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 42,1 гектар қоса отырып, Дермене ауылдық округі Теміржолшы елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 115,44 гектар шекарасында белгіленсін;

2 2. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы мен Арыс қалалық мәслихатының шешімін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы мен Арыс қалалық мәслихатының шешімін ресми жарияланғаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысының және Арыс қалалық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Қуандыққа жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы мен Арыс қалалық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы