Об изменении и установлении границ населенных пунктов сельских округов Акдала и Дермене города Арыс Туркестанской области
Қаулы
· № 2/14-VIII
· қабылданған 27.04.2023
Заңдық күші:
Қолданыста
· 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-180974/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об изменении и установлении границ населенных пунктов сельских округов Акдала и Дермене города Арыс Туркестанской областиҚолданыста27.04.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of
replacing it: speech control matches what a person can read on the
button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same
way. #}
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0Түркістан облысы Арыс қаласының Ақдала және Дермене ауылдық округтері елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түркістан облысы Арыс қаласының Ақдала және Дермене ауылдық округтерінің келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) Ақдала ауылдық округі Ақдала елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 36,58 гектар қоса отырып, Ақдала ауылдық округі Ақдала елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 561,1 гектар шекарасында белгіленсін;
2) Ақдала ауылдық округі Пәкентай Арапов елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 10,83 гектар қоса отырып, Ақдала ауылдық округі Пәкентай Арапов елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 115,13 гектар шекарасында белгіленсін;
3) Дермене ауылдық округі Саналы елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 9,8 гектар қоса отырып, Дермене ауылдық округі Саналы елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 161,15 гектар шекарасында белгіленсін;
4) Дермене ауылдық округі Орманды елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 16,5 гектар қоса отырып, Дермене ауылдық округі Орманды елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 28,0 гектар шекарасында белгіленсін;
5) Дермене ауылдық округі Теміржолшы елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 42,1 гектар қоса отырып, Дермене ауылдық округі Теміржолшы елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 115,44 гектар шекарасында белгіленсін;
2. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы мен Арыс қалалық мәслихатының шешімін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы мен Арыс қалалық мәслихатының шешімін ресми жарияланғаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысының және Арыс қалалық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Қуандыққа жүктелсін.
4. Осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы мен Арыс қалалық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ЖИ-көмекші
Заңгер таңдап, заң бойынша не маңызды екенін айтамын