Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 144 · қабылданған 03.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-181070/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста 03.05.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы № 144 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
144
Қабылданған күні
03.05.2023
Көрсетілген редакция
03.05.2023 181070_631412.kaz
Соңғы өзгеріс
03.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NG00144A
ЭКБ идентификаторы
181070
Редакция идентификаторы
181070_631412
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:18
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 - бабының 5-1) тармақшасы және 69 бабына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл аудандық жер телімін беру жөніндегі комиссия отырысының 2023 жылғы 10 ақпандағы № 3 хаттамасы және жерге орналастыру жобасы негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 1-ші көтеру сорғы станциясына қызмет көрсету мақсатында «Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новонежин ауылдық округінің аумағында орналасқан алаңы 0,9663 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2. «Әулиекөл ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.